Kid A — британдық Radiohead рок тобының төртінші студиялық альбомы. 2000 жылы жарық көрген бұл туынды бірден Ұлыбритания мен АҚШ чарттарында көшін бастап, сатылымға шыққан алғашқы айында-ақ «платиналық» деңгейге жетті.
Осы альбомда топ өзінің бұрынғы дыбысталу мәнерінен алшақтап, электрондық музыка, краут-рок, джаз және XX ғасырдағы классикалық музыканың элементтерін қолдана бастады. Сонымен қатар, аспаптардың кең түрі мен түрлі дыбыстық эффектілерді пайдаланды. Топ вокалисі Том Йорк мәтін жазуда дерексіз (абстрактілі) тәсілді таңдады: ол сөз тіркестерін қиып алып, оларды кездейсоқ ретпен құрастыру арқылы ән мәтіндерін жасады.
Сол кездегі индустрия қалыптарынан өзгеше түрде, Radiohead бірде-бір ресми сингл шығарған жоқ, сондай-ақ сұхбаттар мен фотосессиялардан барынша бас тартты. Оның орнына топ қысқа анимациялық роликтер жариялап, интернетті жарнама құралы ретінде пайдаланған алғашқы ірі музыкалық ұжымдардың біріне айналды. Альбом жарық көргенге дейін оның алғашқы жазбалары (бутлегтер) файл алмасу сервистерінде таралып, интернетке ерте таралып кетті.
Альбом «Грэмми» сыйлығының «Жыл альбомы» номинациясына ұсынылып, «Үздік альтернативті альбом» санатында жеңіске жетті. Онжылдықты қорытындылау барысында көптеген беделді музыкалық басылымдар Kid A-ді 2000-шы жылдардың ең үздік альбомы деп таныды.
Kid A альбомы UK Albums Chart хит-парадында бірінші орында дебют жасап, Radiohead тобының АҚШ-тың Billboard 200 чартындағы алғашқы көшбасшы альбомына айналды. Альбом Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, Канада, Франция және Жапонияда платина мәртебесін алды. Оның жаңаша шырқалған дыбысталуы тыңдармандар арасында әртүрлі пікір тудырып, кейбіреулер оны тым менменшіл, біреуден көшірілген немесе әдейі күңгірт етілген туынды ретінде қабылдамады. Дегенмен, кейіннен ол көптеген басылымдар тарапынан ең ұлы альбомдардың бірі болып танылды; Rolling Stone, Pitchfork және The Times оны 2000-жылдардың ең үздік альбомы деп бағалады, ал 2020 жылы Rolling Stone журналы өзінің жаңартылған «Барлық уақыттағы 500 ұлы альбом» тізімінде бұл туындыны 20-орынға қойды.
2001 жылы Radiohead осы жазу сессияларындағы материалдардың негізінде жасалған екінші альбомы — «Amnesiac»-ты жарыққа шығарды. 2021 жылы топ бұл екі туындының мерейтойлық басылымы ретінде «Kid A Mnesia» жинағын ұсынды; оған «Kid A», «Amnesiac» альбомдарымен қатар, бұрын жарияланбаған материалдар енді.
«Kid A» атауы топ пайдаланған секвенсорлардың (дыбысты нақты уақыт режимінде жазуға арналған аппараттық-бағдарламалық құрылғы) бірінің атауынан шыққан. Том Йорктың айтуынша, оны бұл атаудың нақты мағынасы емес, оның дерексіздігі (абстрактілігі) қызықтырған: «Егер сіз альбомды нақты бір нәрсемен байланыстырып атасаңыз, бұл жазу барысын белгілі бір бағытқа шектеп тастайды», — деп түсіндірді ол.
Сын
Kid A топтан үйреншікті гитарлық дыбысталуды күткен көптеген тыңдармандарды қатты таңғалдырды. Альбом жарық көрмес бұрын бірнеше ай бұрын Melody Maker басылымы былай деп жазған еді: «Егер бізге рокты қайтарып беруге уәде бере алатын бір топ болса, ол — Radiohead». Kid A сыншыларға таныстырылғаннан кейін, көбісі альбомда гитарлық дыбыстың жоқтығына, вокалдың көмескілігіне және әндердің үйреншікті емес құрылымына көңілі толмай, наразылық білдірді. Кейбір сыншылар бұл туындыны «коммерциялық өзін-өзі өлтіру хаты» (commercial suicide note) деп атады.
Альбом сыншыларға таныстырылғаннан кейін, The Guardian газеті былай деп жазды: «Kid A алғаш тыңдағанда... басыңызды қасып тұрып: „Мәссаған? Бұлары несі?“ — деп ойланасыз. Біріншіден, неге гитара тек үш әнде ғана естіледі? Мына электронды гуіл мен соққылар қайдан шыққан? Және неліктен Том Йорктің дауысы әндердің көбінде мүлдем түсініксіз?» Mojo журналы «алғаш тыңдағанда Kid A жай ғана құлаққа түрпідей тиеді (шыдау мүмкін емес)» деп жазса, The New Yorker басылымында жазушы Ник Хорнби бұл туындыны «мұндай өзімшілдік өзіндік ерекшелігі бар бірегей дүниеге емес, керісінше, анонимдіктің оғаш түріне алып келетінінің айқын дәлелі» деп сипаттады. Марк Бомонт өзінің теріс рецензиясында альбомды «семіз әрі паң» деп атап, былай деп қосты: «Олар бұған дейін DJ Shadow мен Брайан Ино әбден зерттеп, игеріп кеткен дүниелерді білмей тұрып, эксперименттік рокты бізге тықпаламақшы ма?»
Теріс пікірлермен қатар, альбомға қатысты оң рецензиялар да болды. Мәселен, New Musical Express басылымы альбомға өте жоғары баға берді. Дегенмен, журнал сыншылары кейбір әндерді тым «бұралаң» және «көңіл қалдыратын» деп сипаттады. The Village Voice басылымы альбомды «қисық», бірақ сонымен бірге «таңғажайып әдемі» деп атады. Spin журналы бұл туындыны «Radiohead-тің барлық альбомдарының ішіндегі ең үздігі әрі ең батылы» деп таныса, Pitchfork басылымы альбомға ең жоғары ұпай берді.
Сыншылардың рейтингтерін жинақтайтын Metacritic сайтында альбом 24 рецензия негізінде 100-ден 80 ұпай жинап, «негізінен жақсы пікірлерге» ие болды. The Wire, Record Collector, Spin, NME және The Village Voice сияқты басылымдар оны жылдың үздік альбомдарының бірі деп таныды. 2001 жылғы «Грэмми» марапатында Kid A «Жыл альбомы» номинациясына ұсынылып, «Үздік альтернативті альбом» санатында жеңіске жетті.
Әндер тізімі
Жазбаға қатысқандар
Radiohead Том Йорк — вокал, гитара, пернелі аспаптар, бағдарламалау Джонни Гринвуд — гитара, пернелі аспаптар, Мартено толқындары, бағдарламалау, ішекті аспаптар аранжировкасы Эд О’Брайен — гитара, эффектілер, бағдарламалау Колин Гринвуд — басс-гитара, сэмплерлер Фил Селуэй — соқпалы аспаптар, бағдарламалау
Қосымша музыканттар Сент-Джон оркестрі (Orchestra of St John's) — ішекті аспаптар Джон Лаббок — дирижерлеу «The National Anthem» әніндегі үрлемелі аспаптар: Энди Буш — труба Стив Хэмилтон, Мартин Хэтэуэй — альт-саксофон Энди Хэмилтон, Марк Локхарт — тенор-саксофон Стэн Харрисон — баритон-саксофон Лиам Кирхэм — тромбон Майк Кирси — басс-тромбон Генри Биннс — «The National Anthem» әніндегі ритм-сэмплинг
Техникалық персонал және өндіріс Найджел Годрич — продюсерлеу, инженерия, микширлеу Radiohead — продюсерлеу Жерар Наварро — продюсер көмекшісі, қосымша инженерия Грэм Стюарт — қосымша инженерия Крис Блэр — мастеринг Stanley — безендіру («Landscapes, Knives and Glue») Tchock — безендіру («Landscapes, Knives and Glue»)
Чартардағы көрсеткіштері мен сатылымы
Чартардағы көрсеткіштері Хит-шеру (2000) Ең жоғарғысаты Аустралия (ARIA) 2 Аустрия (Ö3 Austria Top 40) 5 Бельгия/Фландрия (Ultratop) 3 Бельгия/Валлония (Ultratop) 4 Канада (Billboard) 1 Дания (Hitlisten) 2 Нидерланд (MegaCharts) 4 Финляндия (Suomen virallinen lista) 2 Франция (SNEP) 1 Германия (Offizielle Top 100) 4 Ирландия (IRMA) 1 Италия (FIMI) 3 Жапония (Oricon) 3 Жаңа Зеландия (RMNZ) 1 Норвегия (VG-lista) 2 Шотландия (OCC) 1 Испания (AFYVE) 22 Швеция (Sverigetopplistan) 3 Швейцария (Schweizer Hitparade) 8 Ұлыбритания (OCC) 1 АҚШ (Billboard 200) 1
Сертификаттау Ел Мәртебесі Сатылымы (ARIA) 20px Платиналы 70,000^ (Music Canada) 20px Платиналы 100,000^ — 25,000* (SNEP) 20px Платиналы 200,000* (FIMI) 20px Алтын 25,000‡ (RIAJ) 20px Платиналы 200,000^ (RMNZ) 20px Алтын 7,500^ (IFPI) 20px Алтын 20,000* (BPI) 20px Платиналы 479,000‡ (RIAA) 20px Платиналы 1,480,000^ (IFPI) 20px Платиналы 1,000,000* * сатылым деректері тек сертификаттауға негізделген^ жөнелтілім деректері тек сертификаттауға негізделген‡ сатылым+стриминг деректері тек сертификаттауға негізделген
Дереккөздер
Санат:Radiohead альбомдары Санат:Parlophone альбомдары Санат:Capitol Records альбомдары