Төлеген Әлімбетов (1926, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Бөген ауылы – 19 шілде 2002, Алматы облысы) — балықшы, Социалистік Еңбек Ері (26 сәуір 1971).

Теңіз училищесін бітіргеннен кейін Арал теңізіндегі әртүрлі кемелерде қызмет атқарды. 1959 жылдан бастап Арал балық комбинатындағы «Ленинград» кемесінің капитаны болды, кейін «Калининград» кемесін басқарды. Сегізінші бесжылдық (1966–1970) кезінде оның кеме ұжымы балық аулау жоспарын мерзімінен бұрын орындап, жоспардан тыс 794 центнер балық тапсырды.https://kitapkhana.kz/580-lmbetov-tlegen.html

Еңбек жетістіктері үшін екі мәрте Ленин орденімен марапатталған.СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2024

Дереккөздер

Санат:Балық шаруашылығы Санат:Қызылорда тұлғалары