Лимбург () немесе Бельгия Лимбургі — Бельгиядағы провинция. Ол Фландрия аймағын құрайтын нидерландтілді бес провинцияның ең шығысындағысы. 2024 жылғы нәтиже бойынша халық саны — адам.
Лимбург Маас () өзенінің батысында орналасқан. Өзен оны Нидерландтағы аттас провинция Лимбургпен бөледі. Оңтүстігінде французтілді Льеж провинциясымен шекараласады. Батысында Фламанд Брабанты, Антверпен, ал солтүстігінде Нидерланд провинциясы Солтүстік Брабантпен шекараласады. Бұл үшеуі бұрын Брабант герцогтығы территориялары болған.
Провинцияның жалпы аумағы 2 427 км². Әкімшілік жағынан ол 3 аррондиссементке () және Хасселт, Синт-Трёйден, Генк және Тонгерен қалаларын қоса алғанда, барлығы 44 муниципалитетке бөлінеді. Тонгерен – провинциядағы жалғыз Рим қаласы және Бельгияның ең көне қаласы болып саналады.
Тарихы Ортағасыр IX ғасырда Бельгия Лимбургінде, және оның айналасында көптеген жерлері болған франктық Каролинг әулеті Батыс Еуропаның көбін қамтитын империяны басқарды. Франктердің бастапқыда ежелгі Рим цивитастарының ("қалаларының") әрбірін басқаратын бірнеше кішірек патшалықтары болды, бірақ Меровингтердің билігі кезінде франктердің біртұтас империясы құрылды, ол әр ұрпақ сайын мұрагерлер арасында бөлініп отырды. 881–882 жылдар шамасында викингтер Маас өзені бойындағы және Хаспенгау өңіріндегі жерлерді тонады және Маас өзені бойында база құрды. Ерте христиандық алғаш рет Лимбургтың романизацияланған оңтүстік бөліктерінде, Тонгерен маңында орнады, ал миссионерлер франктерді христиан дініне кіргізу үшін сол жерден солтүстікке қарай кетті. Шіркеу орталығы (диоцез) Рим астанасы Тонгереннен жақын жердегі Маастрихтке, содан кейін Льежге көшті. Бұл аумақ Әулие Серватийдің, кейінірек Маастрихттік Ламберттің қызмет еткен жері болатын.
Лимбург Аустразия франк патшалығының орталық бөлігінде болды. Патшалық кейінірек Франция және Германия аумақтарына айналған бөліктердің арасында орналасты. Франк империясының аумақтық бөлінісі IX ғасырда біржола қалыптасты. Сол кезде Орта патшалық алғашқы патшасы II Лотарьдың есімімен Лотарингия деп атала бастады. X ғасыр кезінде аймақ біртіндеп Қасиетті Рим империясына айналатын Шығыс Франк карольдігінің толық бақылауына өтті. Оттондардың билігі кезінде архиепископтар Маас өзенінің атырауына дейін созылып жатқан өте үлкен аумаққа жауапты болды. Лимбургтің оңтүстігіндегі тағы бір ерте кезеңдегі әулие – Әулие Трудон. Оның есімі Лимбургтің оңтүстігіндегі ірі қалалардың бірі – Синт-Трёйден атауында сақталған.
Экономикасы 2018 жылы провинцияның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 28,7 млрд евроны құрады. Сатып алу қабілетіне бейімделген жан басына шаққандағы ЖІӨ 29 000 евро болып Еуропа одағының (EU27) орташа деңгейінің 96%-ына тең болды.
Әкімшілік бөлінісі Аррондиссементтер Лимбург провинциясы 3 аррондиссементке () бөлінеді. Олар: Хасселт Маасейк Тонгерен
Муниципалитеттер Провинция 44 муниципалитетке бөлінеді.
Дереккөздер
Пайдаланылған әдебиеттер
Жалпы дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Провинциялар Санат:Бельгия провинциялары