Мыстангер () — поляк жазушысы Анджей Сапковски тарапынан жазылған 9 фэнтези роман мен 15 қысқа әңгіме сериясы. Оқиға желісі Ривиялық Герәлт есімді мыстангердің айналасында өрбиді. Мыстангерлер — қауіпті мақұлықтарды өлтіруге қауқарлы бейадами қабілеттері бар құбыжық аулаушылар. «Мыстангер» сериясы Сапковски 1986 жылы өзінің автор ретіндегі дебюттік еңбегін «Fantastyka» журналы өткізген байқауға қатысқан кезінен бастау алды. Оқырман сұранысына байланысты Сапковски 1994 жылы романдар сериясын бастамас бұрын тағы 14 әңгіме жазды. Ол «Мыстангер сагасы» атауымен 1999 жылы шаққан бесінші және соңғы бөліміне дейін жылына бір кітаптан жазып отырды. «Дауылдар маусымы» атты жеке приквел романы 2013 жылы жарық көрді. «Құзғындар қиылысы» атты тағы бір приквелі 2024 жылы жарық көрді.
Кітаптар Польшада және бүкіл Орталық және Шығыс Еуропада оқырмандар арасында кеңінен танымал болды. Кітаптар 37 тілге аударылып, 2020 жылғы шілде айындағы жағдай бойынша әлем бойынша 15 миллионнан астам данамен сатылды. Олар сондай-ақ фильмге («The Hexer»), екі телехикаяға («The Hexer» жане «The Witcher»), видеоойындар сериясына және комикстер сериясына бейімделген. Видеоойындар 2023 жылғы мамыр айындағы жағдай бойынша 75 миллионнан астам көшірмесі сатылып, одан да табысты болды.
Шолу +№Қазақша атауыТүпнұсқа атауыМыстангерWiedźmin (1990)Хикаялар жинағы 1Мыстангер: Соңғы тілекWiedźmin: Ostatnie życzenie2Мыстангер: Тағдыр семсеріWiedźmin: Miecz przeznaczeniaРомандар сериясы3Мыстангер: Эльфтердің қаныWiedźmin: Krew elfów4Мыстангер: Жиіркеніш заманыWiedźmin: Czas pogardy5Мыстангер: Отты сынақWiedźmin: Chrzest ognia6Мыстангер: Қарлығаш мұнарасыWiedźmin: Wieża Jaskółki7Мыстангер: Көл бикесіWiedźmin: Pani Jeziora8Мыстангер: Дауылдар маусымыWiedźmin: Sezon burz9Мыстангер: Құзғындар қиылысыWiedźmin: Rozdroże Kruków «Соңғы тілек» жинағына үш хикаямен қатар «Мыстангер» кітабындағы бес хикаяның төртеуі енген. «Қайтымсыз жол» атты бесінші хикая жинаққа енбеген.
Тіл Сапковски кітаптар сериясында валлий, ағылшын, француз, ирланд, латын және басқа тілдерге сүйеніп, «Көне тіл» деп аталатын жасанды тіл жасап шығарған. Іскеллиге аралдары мен Нилфгаард жұрты да бірегей диалектілерде сөйлейді. Сапковски бір сұхбатында жасанды тілдің оқырманға барынша түсінікті болғанын қалағанын айтқан. Ол: «Кітабымда бір орктың басқа бір оркқа "Бурбатулук грабаталук!" деп, ал беттің төменгі жағында "Есікті жап, шыбын кіріп кетпесін!" деп тұрғанын қаламаймын», – деген.НО МЫ ЖЕ СЛАВЯНЕ! РАЗГОВОР С АНДЖЕЕМ САПКОВСКИМ, An interview with Sapkowski for Russian monthly magazine "World of Fatnastics"
«Мыстангер» сөзінің төркіні Сапковски поляк тіліндегі «мыстан» сөзінің (wiedźma) ер адамға қатысты баламасы ретінде wiedźmin («мыстангер») сөзін таңдаған. Ол 2005 жылы жарық көрген «Historia i fantastyka» кітабына берген сұхбатында ағылшын тіліндегі «witcher» сөзі «witch» сөзінің ер адамды меңзейтін нұсқасы деп ойлайтынын айтқан. Сондай-ақ осы екі сөздің және неміс терминдерінің ұқсастығы поляк тілінде жаңа wiedźmin сөзін ойлап табуға шабыт бергенін меңзеген. Поляк видеоойын дизайнері Адриан Хмиеларц шамамен 1996-1997 жылдары алғаш рет wiedźmin сөзін ағылшын тіліне witcher деп аударғанын мәлімдеген.
Қазіргі уақытта wiedźmin сөзі әдетте ағылшын тіліне «witcher» деп аударылғанымен, атаудың бұрынғы аудармасы «hexer» болған (2001 жылғы фильмнің атауы және 2000 жылғы «Тағдырдың таңдаулысы: Зайдел сыйлығының иегері антологиясы» атты әңгімелер жинағындағы ағылшын тіліндегі алғашқы ресми аударма); Hexe және Hexer – сәйкесінше әйел және еркек «мыстан» деген неміс сөздері. CD Projekt 2007 жылы ағылшын тілінде шыққан видеоойынының атауы үшін «witcher» сөзін қолданған.
Wiedźmin атауының қазақ тіліндегі нұсқасын Foliant баспасы мен «Мыстангер: Соңғы тілек» кітабының аудармашысы Мақсат Арзаман «мыстангер» деп бейімдеген. Мұндай атау қазақ тіліндегі «мыстан» сөзіне -гер жалғауын жалғау арқылы жасалған. https://www.foliantbooks.com/product/mystanger-songy-tilek
Аудармалар Әңгімелер мен романдар дүние жүзінің 37 тіліне аударылған. Сапковски ағылшын тіліндегі аудармаларға қатысы жоғын айтып, аудармашы «жеткілікті сыпайы болса, кейде ол маған сұрақ қояды, кейде бірінші беттің фрагментін ұсынады, бірақ бұл – оның өз еркі, оған еш қатысым жоқ» деп түсіндірді. Аударманың сапасы жайлы пікірін сұрағанда, түпнұсқа авторы:«Біз – поляктар – "Аударма деген әйел сияқты: егер әдемі болса, шын емес, егер шын болса, әдемі емес" дейміз. Мен 15-ке жуық тілде сөйлеймін, сондықтан маған аудармаларды оқып шығып, жақсы-жаманын аңғару оп-оңай. Кейде аудармалар сұмдық болып жатады, кейде көңілім қатты толады, өйткені аудармада рух, түпнұсқа рух сақталады».
Дереккөздер
Санат:Анджей Сапковскидің романдары Санат:Фэнтези романдар Санат:Циклдық романдар