Гюмри () — Армениядағы екінші ірі қала, Ширак облысының әкімшілік орталығы. Гюмри халқының саны 2026 жылы 119 900 адамды құрады.
Географиялық сипаттамасы Қала Ереваннан 126 шақырым жерде, Ширак бассейнінің орталық бөлігінде, Арменияның солтүстік-батысында теңіз деңгейінен 1550 метр биіктікте орналасқан.
Климаты таулы континенталды (ұзақ, суық қыс, орташа ыстық жаз), құрғақ. Қыста қатты аяз болуы мүмкін. Биіктікке және ормандардың болмауына байланысты күн мен түннің температура айырмашылығы үлкен. Жаз мезгілі салыстырмалы түрде ыстық, 36°C-қа жетеді. Қысы аязды және шуақты. Жыл бойы жауын-шашын аз (орташа 500 мм). Қыста ылғалдылық 83–85%-ға жетеді, ал жазда 45–48%-ға дейін төмендейді.
Тарихы Ежелгі заманда қала орнында Кумайри қонысы болған. Қоныстың атауы осы аймақты мекендеген ежелгі тайпаның - киммерийлердің атымен аталған. Кумайри алғаш рет біздің эрамызға дейінгі VII-VI ғасырларда айтылған. Орта ғасырларда қала Гюмри деп аталды. Ол ұзақ уақыт бойы арабтарға, содан кейін түріктер мен парсыларға тиесілі болды. Орыс-парсы соғыстары кезінде Кумайри 1804 жылы Ресей империясының құрамына кірді, ал 1837 жылы Кумайри орнында Николай I-нің әйелі императрица Александра Федоровнаның құрметіне Александрополь орыс бекінісі салынды. Осы сәттен бастап қаланың дамуы басталды. XIX ғасырдың соңында мұнда теміржол торабы салынып, қала Закавказьенің сауда орталықтарының біріне айналды. 1924 жылы қала Ленинакан деп өзгертілді. 1991 жылдың басында Ленинакан қаласы Кумайри, ал Армения тәуелсіздігін жариялағаннан кейін (1991 жылдың 21 қыркүйегінде) Гюмри болып өзгертілді.
Экономикасы және инфрақұрылымы Гюмри бір кездері Армения КСР-нің өнеркәсіптік орталығы болған. Тарихи тұрғыдан қала Түркия, Ресей, Грузия, Иран және Ереванды байланыстыратын теміржолдардың қиылысында орналасқан, бұл оған жоғары коммерциялық және өнеркәсіптік әлеует берді. Дегенмен, бұл бағыттардың көпшілігі жабылып, қала құлдырауға ұшырады.
Қазіргі уақытта қалада химия, шыны және пластмасса зауыттары, екі жиһаз фабрикасы, үш тоқыма кәсіпорны (ірі LENTEX қоса алғанда), керамика фабрикасы (Gevorgyan Ceramics), екі сүт зауыты, екі кондитерлік фабрика және Гюмри-Гареджур сыра қайнату зауыты бар. 2010 жылы украин мамандарының көмегімен Гюмриде тәулігіне 800 тонна шикі қант өңдеу қуаты бар Ахурян қант өңдеу зауыты іске қосылды.
Көрнекі орындары Қаланың бай тарихы, көптеген көрнекті шіркеулері, мұражайлары және ескерткіштері бар. Гюмри өзінің көркем пейзаждарымен, жанды базарларымен және дәмді тағамдарымен танымал, бұл оны Арменияға келетін туристер үшін танымал орынға айналдырады. Гюмридегі ең көрікті жерлер: Қара бекініс — немесе армян тілінде «Сев Берд», қаланың басты көрікті жерлерінің бірі. Ол 1800 жылдары қала мен оның тұрғындарын сыртқы қауіптерден қорғау үшін салынған. Армения Аналары Ескерткіші — бұл мүсін қала орталығынд. Ол Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан мыңдаған армян сарбаздарының құрметіне тұрғызылды. Вардананц алаңы — бұл Гюмридің басты алаңы және жергілікті тұрғындар мен туристердің жиналатын танымал орны. Онда үлкен субұрқақ, отыруға және демалуға арналған орындықтар және жақын маңда бірнеше дүкен мен кафелер бар. Дзитохцяна қоғамдық өмір және ұлттық сәулет мұражайы — Ббл мұражай Ширак тұрғындарының дәстүрлі өмір салтын және аймақтың сәулетін көрсетеді. Кумайридің тарихи ауданы — Кумайри тарихи ғимараттар мен шіркеулерге бай Гюмридің ескі қаласы. Туристер оның әсем көшелерімен серуендеп, ескі Гюмридің сәулетімен таныса алады. Гюмри қалалық хайуанаттар бағы — бұл шағын хайуанаттар бағында арыстандар, аюлар, маймылдар және тотықұстар сияқты әртүрлі жануарлар мекендейді. Александраполь орталық саябағы — бұл саябақта тұрғындар мен туристер демалысын өткізе алада. Онда жаяу жүргіншілер жолдары, орындықтар және катамаран қайықтары бар көл бар.
Галерея
нобай | орта |1300px|Гюмридегі Бостандық алаңының панорамасы
Дереккөздер
Санат:Армения қалалары Санат:Ширак облысы қалалары