Ділбар Гулямқызы Әбдірахманова (, 1 мамыр 1936 ж., Мәскеу – 20 наурыз 2018 ж., Ташкент) — КСРО халық әртісі, Әлішер Науаи атындағы Мемлекеттік академиялық Үлкен опера және балет театрының бас дирижёрі болған. Өзбекстан мемлекетінің алғашқы кәсіби әйел дирижёрі болып саналады.

Өмірбаяны Ділбар Әбдірахманова 1936 жылы 1 мамырда Мәскеуде музыкалық отбасында ата-анасы опера әншілері Гулям Әбдірахманов пен Зухра Файзиева оқыған П.И. Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының жанындағы өзбек опера студиясында дүниеге келді. Ділбардың ата-анасы опера театрындағы жұмыстарын жалғастырды. Қыз әкесімен бірге опера театрындағы әр қойылым мен репетицияға барып, оркестр шұңқырының (оркестровая яма) жанында сағаттап тұратын. Скрипкашы-концертмейстер Виктор Криворучко Ділбардың құлшынысын байқап, оның музыкалық талантын бағалағаннан кейін, оны скрипкадан сабақ беретін Ташкенттегі Р. Глиэр атындағы музыкалық мектебіне апарып, қызды өз сыныбына жазды. Осылайша, болашақ халық әртісі музыкалық білім ала бастады және алғашқы ұстазының адалдығы мен өзінің еңбекқорлығының арқасында жалпы білім беретін мектепті де, музыка мектебін де бітірді.

Оның оркестрді дирижерлеудегі алғашқы тәжірибесі музыка мектебінің соңғы курстарында болды. 1955 жылы Дилбар Абдурахманова консерваторияға түсіп, екі кафедрада оқыды: Дирижëр Мухтар Ашрафи сыныбында опера және симфониялық дирижëрлік және Борис Титель сыныбында скрипка бойынша

1957 жылы үшінші курс студенті ретінде Ділбар Әбдірахманова Әлішер Науаи атындағы мемлекеттік академиялық Үлкен театрдың оркестрінде скрипкада ойнай бастады. Сол жылы ол дирижерлік дебютін жасады, сол кезде Мухтар Ашрафи оған үлкен гала-концертте балет нөмірлерінің бірін дирижерлеуді сеніп тапсырды. Сол жылы ол жас дирижерлерге арналған іріктеу кезеңінде жеңіске жетіп, Мәскеуде өткен VI Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалінде бірінші дәрежелі диплом алды.

Шығармашылығы Тәуелсіз жұмысының алғашқы онжылдығында Ділбар балетке ерекше қызығушылық танытты. Ол қазіргі репертуардағы «Аида», «Травиата», «Пальяччи» және басқа да операларға дирижерлік еткенімен, хореографияға берік көңіл бөлді. Ол өз театрындағы барлық балет қойылымдарын дирижерлік етіп қана қоймай, Душанбеге шақырылып, «Аққу көлі» мен «Жизель» қойылымдарына қатысып, труппаның көптеген гастрольдік сапарларына қатысты. Жас дирижердің ең маңызды жұмыстарының қатарында театр өміріндегі маңызды оқиғалар «Спартак», «Анна Каренина» және «Кармен сюитасы» қойылымдары болды. Ал 1974 жылы Ділбар Әбдірахманова труппадағы әріптестерінің тобымен бірге А.Ф. Козловскийдің «Тановар» балетін қойғаны үшін Өзбек КСР-нің Хамза атындағы беделді Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

1975 жылы Мухтар Ашрафи өз шәкіртіне Өзбек опера және балет театрының бас дирижері және көркемдік жетекшісі деген жауапты лауазымды тапсырды. Ділбар Әбдірахманова үмітті ақтайды. Әрбір жаңа жұмысында ол шығармашылық жетілу мен байыпты көркемдік көзқарастың артуын көрсетеді. Ол соңғы жылдары ол ірі операларға көбірек бет бұрды. А. Петровтың «Петр Ұлы», М. Ашрафи мен С.Василенконың «Қарлы боран», Гуноның «Фауст» және С.Прокофьевтің «Отты періште» операларын қоюы елеулі жетістіктері. Ол 1978 жылы КСРО халық әртісі атағына ие болды.

Марапаттары Өзбек КСР халық әртісі (1969) Хамза атындағы Өзбек КСР Мемлекеттік сыйлығы (1973) КСРО халық әртісі (1977) Халықтар достығы ордені (1986) Мехнат Шухрати ордені (2001, Өзбекстан) Федокорона құрметі ордені (2012, Өзбекстан)

Дереккөздер

Санат:Өзбек КСР халық әртістері Санат:Мәскеуде туғандар Санат:Өзбекстан дирижерлері Санат:Дирижерлер