Ларамидия — Батыс ішкі теңіз қазіргі Солтүстік Американы екі бөлікке бөлген соңғы бор дәуірінде (99,6-66 млн жыл бұрын) болған ежелгі арал-континент. Мезозой дәуірінде арал қазіргі Аппалачиден шығыста Батыс ішкі теңізімен бөлінген. Кейіннен теңіз көлемі азайып, қазіргі Дакота аумағын бөліп, қазіргі Мексика және Гудзон шығанақтарына қарай шегінді, ал Ларамидия Солтүстік Америка құрлығының бір бөлігіне айналды. Кейбір жұмыстарда Ларамидия солтүстік және оңтүстік болып бөлінеді, олардың арасындағы шекара Колорадо және Юта қазіргі заманғы американдық штаттары орналасқан жерде шартты түрде жүргізіледі.National Geographic Magazine, May 2014, Page 73—91 нобай Көне аралдың атауын 1996 жылы Дэвид Арчибальд Вайоминг штатындағы Ларами қаласының құрметіне берген.Archibald, J. David; Dinosaur Extinction and the End of an Era: What the Fossils Say, New York, NY: Columbia University Press, 1996 Тарихы Ларамидия қазіргі Аляскадан Мексикаға дейін созылды. Аралда әртүрлі динозаврлар, соның ішінде тираннозавридтер, дромеозавридтер, троодонтидтер, гадрозавридтер, цератопстар, пахицефалозаврлар, титанозаврлар жаппай мекендеген.

Бұрынғы Ларамидия аумағында (Аляскадан Нью-Мексикоға дейін) көптеген қазба динозавр қалдықтары табылды.Scott D. Sampson, Mark A. Loewen, Andrew A. Farke, Eric M. Roberts, Catherine A. Forster, Joshua A. Smith, Alan L. Titus. New Horned Dinosaurs from Utah Provide Evidence for Intracontinental Dinosaur Endemism (англ.) // PLoS ONE : journal. — 2010. — Vol. 5, no. 9. — P. e12292. — doi:10.1371/journal.pone.0012292. — Bibcode:2010PLoSO...512292S. — PMID 20877459. — PMC 2929175. Rozell, Ned. Geophysical Institute, UAF - Alaska Science Forum, "Shedding light on Arctic dinosaurs, Alaska Science Forum, Article #1737" (10-Feb-2005) Accessed 14-Nov-2011.U.S. Department of the Interior, Bureau of Land Management, Alaska, Resources, Environmental Education, "Dinosaurs on Alaska's North Slope"

Дереккөздер

Санат:Борлы кезең Санат:Ежелгі құрлықтар Санат:Солтүстік Америка геологиясы