Светлана Басиеқызы Кожирова — саясаттану ғылымының докторы (1999), профессор (2011).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1963 жылы 8 сәуірде Алматы қаласында туған.

Қазақ педагогикалық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) бітірген (1988). 1989-93 жылдары Қазақ КСР ҒА-ның Ұйғыртану институтында, 1993-99 жылдары Қазақ педагогикалық институтында еңбек етті. 1999 жылы Еуразия ұлттық университетінде қызмет атқарды. 2010 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығында бас ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында және Дипломатия институтында сабақ берді. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саясат кеңесінің мүшесі болды. 2020 жылдан Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Шығыстану институтының бас ғылыми қызметкері.

Ғылыми бағыты, еңбектері "Қытай көші-қоны жəне аймақтық қауіпсіздік мəселелері" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 100-ден астам ғылыми еңбектің, 4 монографияның авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.

Марапаттары Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы; Қазақстан халқы ассамблеясының мерейтойлық және алтын медальдары; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі"; "Үздік педагог – 2010" грантының иегері.Санкт-Петербургский политехнический университет Петра Великого.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті. Eduquality – Цифрландыру негізінде Қазақстанда жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту: тәсілдерді, тетіктерді және ақпараттық базаны әзірлеу.

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Саясаттану ғылымының докторлары Санат:Профессорлар