Нәзипа Алтынбекқызы Аюбаева – қазақстандық педагог, ғалым, білім беру саласының басшысы.

Өмірбаяны Білімі Кембридж Университеті, Білім беру факультеті , Философия докторы (PhD) дәрежесі, білім беру саласы бойынша Кембридж Университеті, Білім беру факультеті , Философия магистрі (MPhil) дәрежесі, білім беру саласы бойынша Бангалор Университеті (Үндістан), Маркетинг және жүйелер бағыты бойынша Іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA) Бішкек қаласындағы Жоғары колледж, Педагогика және лингвистика бойынша бакалавр дәрежесі

Еңбек жолы Тараз қаласындағы №39 орта мектептің ағылшын тілі мұғалімі

Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта әлем әдебиеті мен философия бойынша арнайы курс оқытушысы

Нархоз университеті қауымдастырылған профессоры

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті қауымдастырылған профессоры

Назарбаев Зияткерлік мектептері автономды білім беру ұйымы басқарма төрағасының орынбасары

Назарбаев қоры төрағасының орынбасары

Nazarbayev University Graduate School of Education аға ғылыми қызметкері

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ұлттық Банкі жанындағы Ұлттық аналитикалық орталықта жоба жетекшісі

Еуропалық комиссия, USAID және Дүниежүзілік сауда институты (WTI) жобалары бойынша өңірлік жобалар жетекшісі

2025 жылғы 26 мамырдан бастап Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы президенті

Дереккөздер

Санат:Білім беру тұлғалары Санат:Кембридж университеті түлектері Санат:Назарбаев Зияткерлік мектептері