Шұға Болатқызы Қасенова — химия ғылымының докторы (2009), профессор.
Өмірбаяны, еңбек жолы 1970 жылы Қарағанды қаласында туған.
Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген (1992, қазіргі Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті). 1992 жылдан осы университеттің Химия-металлургия институтында және "Фитохимия" халықаралық ғылыми өндірістік холдингінде ғылыми, кіші, аға ғылыми қызметкер, термохимиялық процестер зертханасының бас ғылыми қызметкері.
Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі ғылыми бағыты – бейорганикалық химия, физикалық химия және бейорганикалық, органикалық және табиғи қосылыстардың химиялық термодинамикасы.
Марапаттары Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлықтың лауреаты (2006).Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Ғылыми еңбектер.
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Химия ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар