​III Ұбайдулла хан (1748 немесе 1735, Бұхара немесе Бұхара хандығы — 1753, Бұхара немесе Бұхара хандығы) — 1751–1753 жылдардағы Бұхара хандығының 11-ші билеушісі.

Өмірбаяны Аштархан әулетінен шыққан. Әбілпейіз ханның ұлы. 1748 жылы Бұхарада дүниеге келген. Ағасы Әбділмүмін хан тақтан тайдырылғаннан кейін, іс жүзіндегі билік аталық Мұхаммед Рахым бидің қолында болғанына қарамастан, Бұхараның жаңа билеушісі болды.

1752 жылы III Ұбайдулла хан Балхты бағындыру үшін уәзір Бегі хан бастаған әскер аттандырды. Шағын шайқастардан кейін ауғандар Меймене, Андхой, Шибарған, Балх, Бадахшан және Бамианды жаулап алды. Кейіннен Бұхара хандығы бұл жерлерден біржола айырылып, олар Ауғанстанның құрамына өтті.

​III Ұбайдулла хан шамамен 1753 жылы қайтыс болды.

Әдебиет Howorth, Henry Hoyle. History of the Mongols, from the 9th to the 19th Century. Part II division II. The so-called tartars of Russia and Central Asia. — L.: Longmans, Green and Co, 1880.

Санат:Бұхарада туғандар Санат:Аштархан әулеті