Шерәлі хан (1790–1844) — 1842–1844 жылдары Қоқан хандығын билеген Мың әулетінің өкілі.

Өмірбаяны Жеке өмірі ​Шерәлі — 1808 жылы Әлім хан Қоқан тағына отырғанда өлім жазасына кесуге бұйрық берген Қажы бидің ұлы. Қажы бидің ұлдары Ұлықбек пен Шерәлі Шатқалға қашады. Ұлықбек кездейсоқ жағдайда қаза тауып, Шерәлі одан әрі Таласқа қашып барады. Ол жерде үйленіп, дәулетті қырғыз ретінде жеке өмір сүрді.​

Шоқан Уәлихановтың мәліметтері бойынша, Шерәлі қырғыздарша киінген, басына қырғыздың ақ киіз қалпағын (ақ қалпақ) киіп, қырғыз шапанын жамылып жүрген.​ Қоқан ақыны Жалал қожа ханның құрметіне арнап жазған поэмасында Қоқанға бет алған Шерәлі ханды қырғыздың тон-тулағын киіп, өгізге мініп алған күйінде суреттеген. Шерәлі ұзақ жылдар бойы қырғыз феодалдарының қолындағы қажет кезінде пайдаланатын «ашылмаған көзір» ретінде қалды. Мұндай сәт 1842 жылы туды.​

Шерәлі ақын да болған. Петровский оның шығармашылығынан мынадай үзінді келтіреді: «Адат булдыр ханляр такса ягмур ягар; Сан на хансан? юлга таксанг халк кузиндан канляр ягар». Аудармасы: «Сеніп келген жоралғы мынау еді: егер хандар сарайдан шықса, жаңбыр жауады (яғни бақ-береке орнайды); сен қандай хансың? егер сен сарайдан шықсаң, халықтың көзінен қан ағады».Петровский Н. Очерки Коканского ханства // Вестник Европы, № 10. 1875, с.737–738.

​Билігі ​Таққа отыруы ​Қоқан ақсүйектері (атап айтқанда Нүзүп мыңбасы бастаған қырғыздар)​ Шерәліні Қоқан тағына отыруға шақырды. 1842 жылы таққа отыру рәсімі өтті.​​

Әмір Насрулла Қоқанды басып алғаннан кейін бұхарлықтардың билігі ұзаққа созылмады. Қоқанның солтүстік-батыс аудандарында қырғыздар бастаған тайпалар көтеріліске шықты. «Қозғалысқа келген тайпалардың» негізгі ұйытқысын қырғыздар мен қыпшақтар құрады, оларға сарттардың бір бөлігі де қосылды. Өз іс-әрекеттерін заңдастыру (легитимациялау) үшін бұл қозғалысты бастаушылар Таластан Мың әулетінің ұрпағы — Шерәліні алып келді.​ Бұл оқиғалардың алдында қырғыз және қыпшақ феодалдары өз адамын таққа отырғызу үшін өзара астыртын уағдаласқан болатын. Бұхара әкіміне деген жалпы халықтық наразылықты пайдалана отырып, феодалдар Шерәліні Таластан шақыруды ұйғарды. Олар оның айтқанға көнетін «қуыршақ» билеуші болатынына сенімді еді.​

Сыртқы саясаты ​Қоқан қорғанысы left|thumb|​Қоқан: хан сарайының сыртқы қақпасы Шерәлі хан билік еткен кезеңде Қоқан хандығының дербестігін сақтап қалу үшін Бұхара әмірі Насрулланың билігіне қарсы күрес жүргізілді. Бұхара әскерлері бірнеше рет талқандалды.

Жерлерді қайтару ​Ташкентте әмірдің сенімді өкілі Мұхаммед Шәріп аталық билік құрды. Ташкентті Қоқанға дипломатиялық жолмен бағындыру әрекеттері нәтиже бермеген соң, ол жаққа қырғыз Нүзүп мыңбасы мен Малла ханның бастауымен түріктерден, қыпшақтардан және сарттардан құралған әскер аттанды. Қоқандықтар бірнеше шайқаста құрамалықтарды, қазақтарды және ташкенттіктерді талқандады. Қазақ және ташкент әскерлері шайқас алаңынан қашты, ал Ташкент қаласын қоқандықтар 1842–1843 жылдың қысында басып алды.​

Осылайша, Оңтүстік Қазақстан мен Ташкент облысының аумағын қамтитын бұрынғы Қоқан иеліктері Қоқан хандығына қайта бағындырылды. Сол жылы Қоқанға Хожант облысы да ұрыссыз қайтарылды.​

Ішкі саясаты Бұхарамен жаңа соғыс болуы мүмкін деп қатты қауіптенген Шерәлі хан барлық қалаларды аралап шығуды, өзін халыққа көрсетуді, ең бастысы, хандықтың негізгі бекеттерінің қорғанысқа қаншалықты қабілетті екеніне көз жеткізуді ұйғарды. Шерәлі хан дереу және ең алдымен, тек цитаделі ғана емес, тіпті ешқандай сыртқы бекіністері де жоқ астананы қорғанмен қоршауға кірісуді шешті.​

​Шерәлі хан билік еткен кезеңде басында Мұсылманқұл тұрған қыпшақтардың билігі күрт күшейді.

Қайтыс болуы ​Бір нұсқа бойынша Шерәлі хан 1844 жылдың сәуір айында өлтірілген.​ Басқа нұсқа бойынша Шерәлі ханды 1844 жылдың 16 тамызында бұрынғы Қоқан ханы Әлім ханның ұлы Мұрат өлтірген, кейін Мұрат ханның өзі хан болып жарияланды.Levi, Scott C. The Rise and Fall of Khoqand, 1709-1876: Central Asia in the Global Age. University of Pittsburgh Press, 2017. p.164

Әдебиет История Средней Азии. Москва: Евролинц. Русская панорама, 2003 История Узбекистана. Т.3. Ташкент, 1993.

Дереккөздер

Санат:Мың әулеті Санат:Қоқан хандары