Барқытбел (2011 жылға дейін – Новоандреевка)Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Ұлан және Үржар аудандарының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы — Абай облысы Үржар ауданындағы ауыл, Барқытбел ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Үржар ауылынан солтүстік-батысқа қарай 19 км жерде, Үржар өзені бойында, Тарбағатай жотасының оңтүстік баурайындағы далалы өңірде орналасқан.

+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1405 1110 904 81,4 555 453 81,6 555 451 81,3

Тарихы Іргесі 20 ғасырдың бас кезінде қаланған. 1957-1997 жылы сүт өндіретін “Октябрьдің 40 жылдығы” атындағы ұжымшардың орталығы болған. 1997 жылдан Новоандреевкада етті-сүтті ірі қара мал өсірумен айналысатын бірнеше шаруа қожалығы жұмыс істейді.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Үржар ауданы елді мекендері