Мырза Сәлімбек ибн Мұхаммед Рахым (; 1850, Бұхара әмірлігі – 1930, Өзбек КСР) — мемлекет және әскери қайраткер, дипломат, көптеген бектіктердің бегі — губернаторы, диуанбегі, бас зекетші — қаржы министрі (1917–1920), Бұхара әмірлігі дәуірінің тарихшысы және ақыны.
Саяси қызметі Мырза Сәлімбек еңбек жолын Зиадин бегінің қасында хатшы болып бастаған.
Бұхара әмірлігінің көптеген әмләкдарлықтары мен бектіктерінде әкім (наменгер) қызметін атқарды. Оған тоқсаба әскери шені берілді.
1873–1885 жылдары Ташкентте және 1885 жылы Санкт-Петербургте әмірдің дипломатиялық тапсырмаларын орындады.
Колесов жорығы кезінде Бұхара әскерін басқарды.
1918–1919 жылдары Түркістанның революциялық билігімен болған келіссөздерде негізгі тұлға болды, сондай-ақ ағылшындармен жүргізілген келіссөздерге қатысты.
РКФСР әскерлерінің Бұхара операциясынан кейін тұтқындалып, Сібірге жер аударылды, бір жылдан соң босатылды.
Бұхара Халық Кеңес Республикасы (БХКР) тұсында әкімшілік қызметкер болып жұмыс істеді, тарихи зерттеулерге қатысты және көне кітаптар кітапханасын басқарды.
Шығармашылығы Мырза Сәлімбек тарихи шығармалар мен өлеңдер жазған.
Мырза Сәлімбектің «Тарих-и Салими» атты қолжазбасы, негізінен, Маңғыт әулетінің соңғы өкілдері билік еткен кезеңдегі Бұхара әмірлігі тарихының оқиғаларын баяндайды.
Қайтыс болуы Мырза Сәлімбек 1930 жылы қайтыс болды.
Әдебиет Өзбекстан Ұлттық Энциклопедиясы Мирза Салимбек: Тарих-и Салими (Источник по истории Бухарского эмирата). Ташкент. Akademiya. 2009.
Ескертпелер
Дереккөздер
Санат:Өзбекстан тарихы Санат:Орталық Азия тарихы Санат:XIX ғасыр тарихшылары Санат:Өзбек хандықтарының мәдениет және өнер қайраткерлері Санат:Байсын бектері Санат:Шаржүй бектері Санат:Шаһрисабз бектері Санат:Яккабаг бектері