Мұхаммед Шәріп (; 1837, Бұхара әмірлігі – 1888, Бұхара, Бұхара әмірлігі) — мемлекет және әскери қайраткер, дипломат, диуанбегі, Бұхара әмірлігінің бас зекетшісі — қаржы министрі.

Ол Әмір Сейіт Әбдулахад ханның ең жақын жеке кеңесшісі болды және инақ шенін иеленді. Бүкіл ел мен әмірдің өзі Мұхаммед Шәріпке әкесі Мұхаммед бидің Бұхара құшбегісі лауазымындағы болашақ мұрагері ретінде қарады.Недавняя трагедия в Бухаре // Исторический вестник, № 5. 1892

Шығу тегі ​Мұхаммед Шәріп шығу тегі бойынша парсы болған.

​Оның әкесі Мұхаммед би Әмір Мұзаффардың ең сенімді лауазымды тұлғаларының бірі еді. Ол құлдықтан Бұхара әкімшілігінің басшысына дейінгі жолдан өтіп, Бұхара құшбегісі лауазымын атқарған.

Саяси қызметі thumb|Оң жақтан төртінші отырған — Мұхаммед Шәріп Мұхаммед Шәріп Әмір Мұзаффардың тұсында бас зекетші және Бұхара губернаторы лауазымдарын атқарды.

​Бұхарада Ресей империялық саяси агенттігі ашылғаннан кейін, Мұхаммед Шәріп бас зекетші қызметін атқаруды жалғастыра отырып, Бұхара үкіметі мен саяси агент арасындағы байланысқа жауапты болды.

Отбасы ​Мұхаммед Шәріптің ұлдары әмірлікте, Әмір Сейіт Әбдулахад ханның тұсында мемлекеттік лауазымдарды атқарды.

​Мұхаммед Шәріп өлтірілгеннен кейін, оның ұлы Астанқұл би Әмір Сейіт Әбдулахад ханнан инақ шенін және бұған дейін әкесі атқарған бас зекетші лауазымын алды.

Қазасы ​1888 жылы 21 наурызда Мұхаммед Шәріп әмірдің бұйрығымен Қарманға шенеунік Ғайып Назардың қандай да бір теріс қылығы үшін мүлкін тәркілеуге барады, бірақ соңғысы оны револьвермен атып жаралайды. Осыдан кейін ол Бұхараға жеткізілді.

22 наурызда, таңғы сағат 6-да, Бұхара маңында қызмет бабымен жүрген Каспий сырты темір жолының құрылысшысы, генерал-лейтенант М.Н. Анненков оқиға орнына жіберген дәрігер О.Ф. Гейфельдердің медициналық көмегіне қарамастан, Мұхаммед Шәріп қайтыс болды.

Әдебиет Тревер К.В., Якубовский А.Ю., Воронец М.Э.: История народов Узбекистана, том 2. — Ташкент: АН УзССР, 1947. — 517 с. Айни, Садриддин, Воспоминания, (пер. с таджикского А.Розенфельд). — М.-Л., 1960. Абдалазим Сами. Тарих-и салатин-и мангитийа (История мангитских государей). Изд. текста, пред., пер. и прим. Л.М. Епифановой. — Москва, 1962.

Дереккөздер

Санат:Алфавит бойынша саясаткерлер Санат:Бұхара құшбегілері