Холодный Яр Республикасы (, Суық Жар Республикасы) — 1919 жылы бұрынғы Украин Халық Республикасы жерінде құрылған квазимемлекет, әрі партизан қозғалысы. Холодный Яр орманында орналасқан бұл танылмаған мемлекеттің орталығы Черкассы ауданындағы Мельники ауылында еді.
Қазіргі Черкассы облысындағы Чигирин маңайында орналасқан бұл құрылымның 15 000 адам әскері бар еді. Мемлекет ақыр соңында 1922 жылы ыдырады, орнына Украин Кеңестік Социалистік Республикасы келді.
Тарихы 1918–1922 жылдары православиелік басқыншыларға (неміс оккупанттары мен орыс «ақ» және «қызыл» күштері) қарсы украин көтеріліс қозғалысының орталығына айналды. Бұл қозғалысты Чучупак ағайындылары басқарды. Төңкерістен кейін игуменнің өтініші бойынша Мельники ауылының тұрғындары монастырьді тонаудан қорғау үшін өзін-өзі қорғау жасағын құрды. Жасақты Алексей Чучупак басқарды және оның құрамында 22 адам болды.
Кейінірек, 1919 жылы, бұл жасақ полкке айналып, полк командирі болып Василий Чучупак сайланды (бұған дейін ол Ресей империялық армиясында прапорщик болған, ал одан бұрын ауыл мұғалімі еді). Оның ағасы Пётр Чучупак полктің штаб бастығы болды. Деникин әскерлері Украинаны басып алған кезде, полк оларды Черкассыдан ығыстыруға қатысты. Полк үнемі толығып, оның саны 2 000 адамға дейін жетті.
Ақыр аяғында Холодный Яр Республикасы құрылды. Оның аумағы айналасындағы 25-тен астам ауылды қамтыды және шамамен 15 000 шаруалардан құралған көтерілісші армиясы болды. Оның жауынгерлері өздерін казактар деді, ал олардың қолбасшылары — атамандар (казактардың әскери дәстүрін еске алып).
Василий Чучупак өлімінен кейін Холодный Яр Республикасын бас атаманның орынбасары, Холодный Яр көтеріліс комитетінің мүшесі Иван Деркач басқарды. Ол 1920 жылғы көктемі мен күздігүні Кеңес өкіметіне қарсы көтеріліс кезінде Холодный Яр аймағының қарулы күштерін басқарды.
1920 жылғы наурызда саны 12 000-нан 18 000-ға дейін жеткен УХР әскерінің Далалық дивизиясы Херсонды большевиктерден азат етіп, батысқа қарай (Белозёрка арқылы) сәтті шабуыл жүргізді. Сол жылы бас атаман болып Константин Пестушко сайланған болатын.
1921 жылы Ресейдің большевиктері Украин Кеңестік Социалистік Республикасы арқылы Украина жерін өз қарамағына алатын болды. Келесі екі жыл бойы Холодный Яр Республикасы — кеңестер құрамына енбей кеткен аз ғана украин жерінің бірі еді.
Холодный Яр Республикасының соңғы атаманы Герасим Нестеренко-Орёл еді. 1922 жылғы қыркүйекте Чека ұйымдастырған жалған кездесуге бірнеше атаман келеді де, қамауға түседі. Осы кездері Холодный Яр Республикасы билігі мен ықпалын жоғалтып жатқан еді.
Киевтегі Лукьяновка түрмесінде болған бірнеше Холодный Яр казактары 1923 жылғы 9 ақпанда Большевиктер билігіне қарсы көтеріліс жасады. Нәтижесінде 4 сағатқа созылған шайқас орын алды да, 38 көтерілісшінің бәрі де берілмей, қайтыс болды. Бұл оқиға Холодный Яр Республикасының болашағын мәңгіге жоқ қылып, елде толыққанды кеңестер билігі орнады.
Мұрасы нобай|оңға|250px|Еуромайдандағы Холодный Яр Республикасының байрағы, Киев
XXI ғасырда Еуромайдандағы белсенділер, соның ішінде Азов бригадасының мүшелері Холодный Яр Республикасының байрағын ұстаған болатын."Російсько-українська війна ніколи не припинялася", Gazeta.ua (2014-12-12) 2018 жылғы қаңтарда Украина армиясының 93-механикаландырылған бригадасына Холодный Яр партизан қозғалысының құрметіне «Холодный Яр» деген құрметті атау берілді.
Тағы қараңыз Юрий Юрьевич Горлис-Горский
Дереккөздер
Санат:1919 жылы құрылған мемлекеттер мен аумақтар Санат:1922 жылы ыдыраған мемлекеттер мен аумақтар Санат:Черкассы облысы Санат:Украина тарихындағы мемлекеттер