Абай Айдарханұлы Бисембаев (21 мамыр 1967 жыл, Зареченское, Көкшетау облысы) — қазақстандық саясаткер, саясаттанушы, 2012–2019 жылдары Президенттің Іс Басқарушысы және 2019–2022 жылдары Тұңғыш Президент — Елбасының көмекшісі. Саясаттану ғылымдарының кандидаты.
Білімі 1992 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «әлеуметтік-саяси қатынастар теориясы» саласы бойынша саясаттанушы мамандығын, 1996 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының жанындағы нарық институтын «қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген. Саясаттану ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: «Ресейдің Орталық Азиядағы геостратегиясы (саяси сараптама)» (2000 жыл).Бисембаев Абай Айдарханович (персональная справка)
Мансабы Еңбек жолын 1992 жылы Қазақстан Ғылым академиясы Сыртқы экономика орталығының кіші ғылыми қызметкері болып бастаған.
1992-1994 жылдары Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитеттің жаппай жекешелендіру басқармасында жетекші маман, бөлім меңгерушісі, басқарма бастығы болып қызмет атқарды. 1994 жылы Министрлер кабинетінің іс басқармасы аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы, 1994-1995 жылдары Президент жанындағы Экономикалық консультанттар кеңесінің консультанты, 1995-1996 жылдары Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі болды.
1996-2006 жылдары Азық-түлік келісімшарт корпорациясында вице-президент, президент, бірінші вице-президент лауазымдарын атқарды.
2006 жылы Президент іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды. 2012 жылдан бастап 2019 жылға дейін Президенттің іс басқармасын басқарды.
2019 жылғы 19 наурызда Тұңғыш Президент — Елбасының көмекшісі және Президент іс басқарушысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2022 жылғы 30 наурызда Президент іс басқарушысының бірінші орынбасары, 20 сәуірде Елбасының көмекшісі лауазымынан босатылды.Назарбаев переназначил своего помощника Абая БисембаеваЧто происходит в аппарате первого президента
Отбасы Үйленген, жұбайы — Бисембаева Бағила Мүбәракқызы (қыз кезінде Қозбағарова, 1964 жылы туған). Балалары: ұлы — Арслан (1989 жылы туған), қызы — Анель (1993 жылы туған). Жұбайы Бағила Бисембаева — ірі кәсіпкер, «Ақниет» қайырымдылық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы.4 декабря. Календарь Казинформа «Дни рождения» 1998-2014 жылдары Парламент пен Үкімет аппаратында жұмыс істеген. 2014 жылдан бастап ол «Fortunata» ЖШС басқарады.Бисембаева Багила Мубараковна (персональная справка)
Інісі Жамбыл Бисембаев (1969 жылы туған) — ірі кәсіпкер.ТОО "Барс 2030"
Марапаттары «Құрмет», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» (12.2019) ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» (29.05.2019) медальдарымен марапатталған.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан Президентінің Іс басқарушылары Санат:Жаңа экономикалық университеті түлектері