Құрманбек эпосы () — Орталық Азиядағы Моғол хандығы, қазақ, ноғай халықтарының тарихындағы «қалмақ дәуірі» деп аталатын XV–XVIII ғасырлар аралығындағы тарихи оқиғаларға, Құрманбек пен Аққан секілді тарихи тұлғалардың өмір жолына негізделіп жасалған эпикалық шығарма. Дастандағы тарихи негіз ретінде Шығыс Түркістан, Қашқар, Жаркент, Қаржар, Жамбыл, Ауғанстан, Әндіжан, Қоқан, Ақсы, Алай, Жазы (Ясы) секілді өңірлер қамтылады. Шығармада Құрманбектің тарихи тұлға ретіндегі болмысы, өмір сүрген кезеңі, қоныстанған жерлері, көрші хандықтармен дипломатиялық байланыстары және қалмақ билеушілерімен соғыстары тарихи деректер негізінде баяндалады.

XVI ғасырда Тәңір тауынан моңғол ақсүйектері ығыстырылғаннан кейін қырғыз рулары Қашғармен тікелей байланыс орнатып отырған. XVII ғасырдың басында қалмақтардың қысымы күшейгендіктен, қырғыз рулары Қашғар, Тұрпан және Ақсу қалаларынан көшіп келіп, біртіндеп отырықтана бастаған. XVII ғасырда Қашғар хандығы мен Жаркент хандығы аумағында құсшы, шонбағыш, қыпшақ, нойгут, тейіт, булғачы, отузул сияқты қырғыз рулары мемлекеттің саяси өміріне белсене араласып, тарихи оқиғаларға ықпал еткен. Бұл туралы Шах Махмуд Хорас хроникасы және Мир Холиддиннің «Хидаят» еңбегі сияқты деректерде айтылған.

Мазмұны Құрманбек — XV–XVII ғасырлар аралығында өмір сүрген тарихи тұлға ретінде сипатталатын Құрманбек туралы эпикалық шығарма. Өз халқының еркіндігі үшін қалмақ ақсүйектеріне қарсы күрескен батыр ретінде бейнеленеді. Эпостағы қаһарманның халық жолында өлімнен тайсалмайтын ерлігі бүгінгі ұрпақты да батылдыққа, ел мен жерді сүюге тәрбиелейді. Құрманбек көп нұсқалы эпос. Оның идеялық өзегі, ішкі қуаты мен сюжеті ерекшеленеді. Әрбір нұсқа бір-бірінен өзгеше болғанымен, олардың арасында ортақ ішкі бірлік сақталады. Бұл айырмашылық көбіне жыршының қабілеті мен орындаушылық шеберлігіне байланысты.

Нұсқалары Құрманбек эпосының бірнеше нұсқасы бар. Манасшы Молдобасан Мұсылманқұлов нұсқасынан 1923 жылы фольклортанушы Қаюм Мифтаков 2500 өлең жолын жазып алған. Қырғыз халық ақыны Аалы Тоқамбаевтың прозалық баяндауы 1924 жылы Шолпан журналында жарияланған. 1933 жылы ақын Қалық Ақиев нұсқасынан 5500 жол жазып алынған. 1956 жылы Жерге-Тал ауданында тұратын Т. Каландаровтан эпостың 360 жолы жазылған. Ақын Сарықұнан Дыйқанбаев, Қөгарттық Әди Өмуралиев және Асанбай Жусупбеков еңбектерінде эпостың әртүрлі көлемдегі нұсқалары сақталған, оның ішінде 19535 жолдан тұратын үлкен нұсқасы да бар.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында белгілі жазушы Қасымалы Жантөшев оны сол кезеңнің талаптарына сай өңдеп, драмалық шығармаға айналдырып, сахнаға қойған.

Құрманбек батырдың 500 жылдық мерейтойы 2001 жылы аталып өтті. Мерекеге орай Оғанбек Стамбетов ешбір әлеуметтік құрылымға бейімдемей, өз нұсқасы бойынша «Құрманбек батыр» тарихи драмасын жазып, сахнада қойылды. Эпоста ең алдымен ұлы достық, ынтымақ және ерлік идеялары көрініс тапқан.

Дереккөздер

Санат:Қырғызстан әдебиеті Санат:Қырғыз әдебиеті