Чарльз Вебстер Хоторн (ағылш. Charles Webster Hawthorne; 1872 жылғы 8 қаңтар, Кларк Сентр, Иллинойс — 1930 жылғы 29 қараша, Балтимор) — америкалық суретші және педагог. АҚШ Ұлттық дизайн академиясы толық мүшесі (1911 жылдан).
Өмірбаяны 1900 жылы Нью-Йорк қаласына барып, зауытта жұмыс істеді және кешкі мектепте оқыды.
Ұлттық дизайн академиясы мен Нью-Йорк суретшілер студенттері лигасы оқу орындарында кескіндемені меңгерген. Ұстаздары — Фрэнк Винсент Дюмонд және Джордж де Форест Браш.
Кейін оқуды Нидерланд пен Италияда жалғастырды. Оның шығармашылығына ықпал еткен Уильям Меррит Чейзмен бірге жұмыс істеді.
Нидерландта У. Чейздің көмекшісі болған кезінде, Хоторн өз отанында жеке өнер мектебін ашу туралы шешім қабылдады.
Париж бен Нью-Йорктен кейін ол өз мектебінің орны ретінде Массачусетс штатын таңдап, онда фигуралық кескіндеме мектебін ұйымдастырды.
1908 жылы АҚШ Ұлттық дизайн академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланып, 1911 жылы толық мүшесіне айналды. 1917 жылы Парижде жүрген кезінде Société Nationale des Beaux-Arts мүшесі болды.
Өнері Ч. В. Хоторн — танымал америкалық портретші және пейзажшы, сондай-ақ жанрлық картиналардың авторы.
Суретшінің еңбектері Метрополитен өнер мұражайы, Вустер өнер мұражайы, Олбрайт-Нокс көркем галереясы, сондай-ақ Даллас, Сиракьюс қалаларындағы көркемөнер мұражайларында және басқа да жинақтарда сақталған.
Сыртқы сілтемелер
Lauren Rogers Museum of Art
Санат:1872 жылы туғандар Санат:8 қаңтарда туғандар Санат:Иллинойста туғандар Санат:1930 жылы қайтыс болғандар Санат:29 қарашада қайтыс болғандар Санат:Суретшілер