Қосымша морфема – морфеманың бір түрі. Қосымша морфема түбір морфемаға жалғанып, оған қосымша мағына үстейді. Қосымша морфема іштей жалғау және жұрнақ болып екіге бөлінеді. Қосымша морфеманың түбір морфемадан басты ерекшелігі-лексикалық мағынасы болмайды, тек грамматикалық мағынасы болады; өзі жалғанған сөзге жаңа мағына береді немесе сөз тұлға жасайды; сөзді түрлендіреді; байланыстырушылық қызмет атқарады.

Зерттелуі Қосымша морфеманы зерттеген ғалымдар:

Ахмет Байтұрсынұлы

Құдайберген Жұбанов

Ахмеди Ысқақов

Әбдуәли Төлеуов

Айман Қалыбаева

Мұхтар Томаңов

Дереккөздер Салқынбай А. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. — Алматы, 1998.

Санат:Тіл білімі Санат:Морфология Санат:Қазақ тілі