«Келешектен келген қонақ» — Кир Булычёвтің «Осыдан жүз жыл кейін» повесі желісімен Павел Арсенов түсірген кеңестік фантастикалық 5-сериялы телефильм.

Онда мәскеулік мектеп оқушысы Коляның тасадағы бір жертөледе уақыт бойымен саяхаттауға мүмкіндік беретін машинаны тауып, келешекке аттанғаны және одан миелофонмен қайтып келгені туралы баяндалады. Тірі жандардың ойларын тыңдауға арналған миелофон құрылғысын ғарыштық пираттар іздеумен болып, Мәскеуге келеді. Құрылғының иесі Алиса да Коляның заманына келуге мәжбүр болады.

«Мир фантастики» журналы 2024 жылы шыққан санында бұл фильмді Алиса Селезнёваға арналған кинотуындылардың ішінде екінші орынға орналастырды (Үшінші ғаламшардың сыры мультфильмінен кейін). Басты рөлдерде Наталия Евгеньевна Гусева — Алиса Селезнёва Алексей Леонидович Фомкин — Коля Герасимов Илья Наумов — Фима Королёв Марианна Ионесян — Юля Грибкова Вячеслав Михайлович Невинный — ғарыштық пират У / Космопорт қызметкері Вячеслав Михайлович Михаил Иванович Кононов — ғарыштық пират Крыс / Космопорт қызметкері Михаил Иванович

Дереккөздер

Сілтемелер [www.mielofon.ru Ресми сайты]

Санат:КСРО телефильмдері Санат:Павел Арсеновтың фильмдері Санат:М. Горький атындағы киностудиясының фильмдері