нобай|оңға|Жаңадан патриарх сайлап тұрғанда фотоланған 1917 жылдағы Орыс православие шіркеуінің ең жоғарғы органы болған Аса қасиетті басқарушы синод

Бірнеше автокефалиялық Шығыс православие шіркеулерінде және Шығыс католик шіркеулерінде патриарх, не бас епископті Қасиетті Синод (кейде Киелі Синод) деп аталатын епископтар тобы сайлайды. Мысалға алсақ, Грузин православие шіркеуінің басқарушы органы — Қасиетті Синоды.

Шығыс православие шіркеулері Бүкіләлемдік патриархаттың Синоды нобай|оңға|Бүкіләлемдік патриарх резиденциясы

Бүкіләлемдік патриархатқа «Қасиетті және Киелі Синоды» басшылық етті. Бұл Синод «синод-резиденция» үлгісімен жасалған; жиналған епископтардың Константинополь маңындағы (уақытша болса да) қонатын жерлері бар.Adam A. J. DeVille. Orthodoxy and the Roman Papacy: Ut Unum Sint and the Prospects of East-West Unity. University of Notre Dame Press; 15 наурыз 2011. ISBN 978-0-268-15880-4. 86-бет.The History of Byzantine and Eastern Canon Law to 1500. CUA Press; 27 ақпан 2012. ISBN 978-0-8132-1679-9. 164-бет. Синодқа Бүкіләлемдік патриарх төрағалық етеді және оның құрамында біржылдық өкілеттік алатын он екі иерарх болады. Иерархтардың жартысы әр алты ай сайын ауысып жатады.

Орыс Қасиетті Синоды нобай|оңға|Орыс православие шіркеуінің Сенат және Синод ғимараты, Санкт-Петербург, Ресей

Бұрын Ресей православие басшылары жиналып, Аса қасиетті басқарушы синодты () құрайтын. Оның негізін 1721 жылғы қаңтарда I Пётр, Стефан Яворский мен Феофан Прокопович қалады. Ол солай Мәскеу патриархатының орнын алған болатын. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін ол ыдыратылды да, Мәскеулік I Тихон тұсында патриархат өмірге қайта келді.

Заманауи Ресейдегі Орыс православие шіркеуіне Орыс православие шіркеуінің Қасиетті синоды басшылық етеді. Ол соборлар арасында жұмыс істеді. Оған Мәскеу және Бүкіл Русь патриархы төрағалық етеді.

Грек Қасиетті Синоды Ресей үкіметінің синод арқылы басқару үлгісіне еліктеген алғашқы өзге православие шіркеуі — Грекия шіркеуі болды. 1822 және 1827 жылдардағы еркін Грекияның ұлттық жиналыстары өз шіркеуін Константинополь Бүкіләлемдік патриархаты билігінен тәуелсіз ету үдерісін бастады. 1833 жылы Грекия парламенті патриархтың билігін ресми түрде жоққа шығарып, Ресей үлгісіне дәл сәйкес келетін Қасиетті Басқарушы Синод құрды. Ұзақ даулардан кейін патриарх келісім беріп, 1850 жылы грек синодын мойындады. Содан бері Грекия шіркеуі дәл Орыс православие шіркеуіндей Қасиетті Синод арқылы басқарылып келеді.

1852 жылы қабылданған заң оның құқықтары мен міндеттерін реттеді. Ол Афинада Афина митрополитінің төрағалығымен жиналатын. Үкімет бір жыл мерзімге дауыс беру арқылы тағы төрт епископты мүше етіп тағайындайтын. Мүшелер король мен үкіметке адалдық антын қабылдайтын. Олардың талқылары үкімет таңдаған зайырлы адам — Ресейдегі обер-прокурор сияқты патша комиссарының бақылауында болды. Комиссардың келісімінсіз ешбір акт жарамды деп саналмайтын. Сондай-ақ мемлекет тағайындайтын хатшылар, жазушылар мен бір қызметші болды. Қасиетті Синод Грек шіркеуіндегі ең жоғарғы билік органы еді және ол өзінің ресейлік үлгісімен бірдей құқықтар мен міндеттерге ие болды; литургияда патриархтың орнына оның аты аталатын.

1924 жылы Грек Республикасы жарияланғаннан кейін Қасиетті Синодқа патшалық бақылау табиғи түрде тоқтатылды. 1932 жылы Афина митрополиті архиепископ дәрежесіне көтерілді де, литургияларда архиепископтың есімі атала бастады. Бүгінде жоғарғы билік Афина мен бүкіл Грекия архиепископының төрағалығымен жиналатын барлық епархиялық епископтардың синодына тиесілі. Олардың барлығы митрополит мәртебесіне ие. Бұл синод шіркеуге қатысты жалпы мәселелерді қарастырады. Тұрақты Синод та осы төрағалыққа бағынышты болып жұмыс істейді және оның құрамына басшы мен 12 епископ кіреді. Әр епископ кезекпен бір мерзім қызмет атқарады. Бұл орган әкімшілік мәселелердің егжей-тегжейімен айналысады.

Румын православие шіркеуінің Қасиетті Синоды Румын православие шіркеуінің Қасиетті Синоды шіркеуге қатысты барлық мәселелер бойынша ең жоғарғы билік органы ретінде ұйымдастырылған. Оның құрамына Патриарх, барлық митрополиттер, архиепископтар, епископтар мен шіркеудің викарий епископтары кіреді. Қасиетті Синод әдетте жылына екі рет — көктемде және күздігүні — кезекті сессияларға жиналады, алайда қажет болғанда кезектен тыс сессиялар да ұйымдастырады. Ол шіркеуге қатысты барлық мәселелер бойынша жоғарғы билік органы болғанымен, сонымен қатар Румын шіркеуінің мүшелеріне кеңес беруші органы болып та келеді.

Серб православие шіркеуінің Қасиетті Синоды Серб православие шіркеуіне бес мүшелі Қасиетті Синоды басшылық етеді. Патриарх тұрақты мүшесі болса, қалған төрт уақытша мүшесі — екі жыл сайын сайланатын епископтар. Оларды бүкіл епископтарға өкіл болатын Епископтар кеңесі сайлайды.John Anthony McGuckin, Encyclopedia of Eastern Orthodox Christianity (John Wiley and Sons 2011 ISBN 9781405185394), 1-том, 559-бет

Болгар православие шіркеуінің Қасиетті Синоды нобай|оңға|Синод сарайы, София, Болгария

Болгар православие шіркеуінің бүкіл аумағындағы жоғарғы діни, сот және әкімшілік билікке Қасиетті Синод ие. Оның құрамына Патриарх пен митрополит делінетін епархиялық дінбасылар кіреді.

Америкадағы православие шіркеуінің Қасиетті Синоды Америкадағы православие шіркеуінің ең жоғарғы канондық билігі Қасиетті Синод епископтарына берілген. Митрополит ex officio түрде Синодқа төрағалық етеді, ол болмаған жағдайда синод оны епископтар сайлайды.

Ежелгі шығыс православиесі Ежелгі шығыс православие шіркеулері қатарына бірнеше шіркеу кіреді. Олардың бірнешеуінде Синодтары бар.

Копт Қасиетті Синоды Александриялық Копт соборлық шіркеуінің Қасиетті Синоды — Александрия шіркеуінің ең жоғарғы органы. Ол шіркеудің ұйымдастырылуына, сеніміне және құлшылық (қызмет) тәртібіне қатысты ережелер мен қағидаларды қалыптастырады.

Синодқа Александриялық папа төрағалық етеді. Оның құрамына шіркеу митрополиттері, епископтары, хорепископтары және Александрия Патриарх викарийі кіреді.

Сирия Қасиетті Синоды Антиохиялық Сирия иаковтық шіркеуінің Қасиетті Синоды — Сирия иаковтық шіркеуінің ең жоғарғы органы. Оның төрағасы — Бүкіл Шығыс және Антиохия сирия православие патриархы және мүшелері — митрополиттер мен епископтар.

Католик шіркеуі Католик шіркеуінде әрбір sui iuris патриархалдық шіркеу мен әрбір ірі архиепископтық шіркеудің өз епископтар синоды бар. Бұл синод тиісті sui iuris шіркеудің бүкіл аумағына арналған заңдарды шығаруға толығымен құзыретті және сол шіркеудің сот органы (трибуналы) болады.Code of Canons of the Eastern Churches, canon 110

Шығыс Шіркеулерінің Канондар Кодексі бұл мағынадағы епископтар синодына 115 рет сілтеме жасайды. Ол кейбір Шығыс православ және Ежелгі шығыс православ шіркеулерінде қолданылатын «қасиетті», «қасиетті және киелі», «аса қасиетті» сияқты құрметті анықтауыштарды қоспайды.

Дереккөздер

Санат:Шіркеу құқығы Санат:Шығыс христиандығы Санат:Экклезиология