Серғазин Ғұмар Екпінұлы (20 маусым 1986 жыл) — қазақстандық мемлекеттік қызметкер, заңгер. 2025 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарады.
Қазақ-Америка университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша (магистратура), Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Ядролық құқық институтын (Аустрия), сондай-ақ А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын халыққа қызмет көрсету орталығы жүйесінде бастап, кейін банк секторында және мемлекеттік органдарда жұмыс істеген. Ұзақ жылдар бойы энергетика және атом энергетикасы саласындағы мемлекеттік басқару, құқықтық реттеу және қадағалау мәселелерімен айналысқан.
Өмірбаяны
Білімі
Қазақ-Америка университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған; Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Ядролық құқық институтын (Аустрия) тәмамдаған; А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша бітірген.
Қызметі
«Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесінің инспекторы (2008–2009); «Астана қаласы Сарыарқа ауданының №1 халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесінде кеңесші, бас инспектор, операциялық зал басшысының орынбасары (2009–2011); «БТА Банк» АҚ Заң департаменті корпоративтік бизнесті құқықтық қамтамасыз ету басқармасының несиелік жобаларды құқықтық сүйемелдеу бөлімінің заңгері, заң секторының меңгерушісі (2011); Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаменті Тұрғын үй қатынастары басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы (2011–2013); Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаменті Тұрғын үй қатынастары басқармасының бас сарапшысы (2013–2014); Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінде Ішкі әкімшілендіру басқармасы мен Заң басқармасының басшысы (2014); Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Заң басқармасының басшысы (2014–2016); Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер департаменті директорының орынбасары (2016–2017); Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары (2017–2023); Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры (2023–2025); Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары (2025 жылғы сәуірден бастап).
Дереккөздер
Санат:Атомдық өнеркәсіп