Григорий Андреевич Мельник (; 23 қаңтар 1909, Дедовщина ауылы, Васильков уезі, Киев губерниясы, Ресей империясы — 23 желтоқсан 1976, Алматы, Қазақ КСР) — шыққан тегі украиндық болып келетін кеңестік мемлекет және партия қайраткері.

Өмірбаяны 1927 жылдан бастап — оқу үйінің меңгерушісі, содан соң Фастов аудандық кедейлер комитетінің хатшысы болып жұмыс істеді. Осы кездері Киев тау-геология институты жанындағы жұмысшы факультетінің тыңдаушысы болды.

1930 жылдан бастап БК(б)П қатарында. Кейін аудандық кеңес атқару комитетінің инспекторы, БЛКЖО ОК үгітшілер тобының мүшесі болды.

1933 жылы Киев тау-геология институтында оқыды.

1933—1939 жылдары кеңшар саяси бөлімі басшысының көмекшісі, орынбасары, бұдан соң басшысы қызметін атқарды.

1939—1941 жылдары Қазақстан К(б)П ОК ауыл шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы, Қазақстан К(б)П ОК ауыл шаруашылығы бөлімі секторының меңгерушісі, кейінірек Қазақстан К(б)П ОК ауыл шаруашылығы бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып еңбектенді.

1941—1945 жылдары Қазақстан К(б)П ОК ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі болып істеді.

1945—1948 жылдары Қазақстан К(б)П Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің 1-хатшысы болып күн көрді.

1948–1951 жылдары БК(б)П ОК жанындағы Жоғары партия мектебі тыңдаушысы болды.

1951 жылдан бастап — 1953 жылдың мамырына дейін Қазақстан К(б)П Семей облыстық комитетінің 1-хатшысы болып еңбек етті.

1953 жылдың мамырынан — 1954 жылға дейін Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

1954—1956 жылдары Қазақ КСР ауыл шаруашылығы министрі болып жұмыс істеді.

1956 жылдан бастап — 1957 жылдың наурызына дейін КОКП ОК жанындағы Қайта даярлау курстарының тыңдаушысы болды.

1957 жылдың наурызынан — 1958 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан КП Ақмола облыстық комитетінің 1-хатшысы болып еңбектенді.

1957 жылдың 26 желтоқсанынанҚазақстан КП Орталық Комитетінің IX пленумының қаулысы. — 1959 жылдың 24 қазанына1959 жылдың 23–24 қазанындағы Қазақстан КП Орталық Комитетінің XVI пленумының қаулысы. дейін Қазақстан КП ОК хатшысы болып істеді.

1959 жылдың қазанынан — 1963 жылдың наурызына дейін Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының 1-орынбасары болып күн көрді.

1962 жылдан бастап — 1963 жылдың наурызына дейін Қазақ КСР ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және дайындау министрі болып еңбек етті.

1962 жылдан бастап — 1963 жылдың наурызына дейін Ауыл шаруашылығына басшылық жасау жөніндегі комитет төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

1963 жылдың 19 наурызынан1963 жылдың 18–19 наурызындағы Қазақстан КП Орталық Комитетінің V пленумының қаулысы. — 1971 жылдың 24 ақпанына1971 жылдың 24–26 ақпанындағы Қазақстан КП XIII съезінің қаулысы. дейін тағы да Қазақстан КП ОК хатшысы болып жұмыс істеді.

1963 жылдың 19 наурызынан — 1964 жылдың 7 желтоқсанынаҚазақстан КП Орталық Комитетінің XI пленумының қаулысы. дейін Қазақстан КП ОК ауыл шаруашылығы өндірісіне басшылық жасау жөніндегі бюросының төрағасы болып еңбектенді.

1971 жылдың ақпанынан — 1972 жылға дейін Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Орман шаруашылығы мемлекеттік комитетінің төрағасы болып істеді.

1972 жылы зейнетке шықтыАшимбаев Д. Р. Кто есть кто в Казахстане. Биографическая энциклопедия. Алматы, 2008.

КСРО Жоғарғы Кеңесінің VI шақырылым депутаты.

1976 жылдың 23 желтоқсанында көз жұмды, Алматы қаласындағы Орталық зиратында жерленді.

Дереккөздер

Сілтемелер Григорий Мельник. 1898–1991 жж. Коммунистік партия және Кеңес Одағы тарихының анықтамалығы.

Санат:Қазақ КСР ауыл шаруашылығы министрлері Санат:Қазақ КСР халық комиссарлары мен министрлері Санат:Қазақстан Компартиясы ОК хатшылары Санат:Одақ Кеңесінің 5-шақырылым депутаттары Санат:Одақ Кеңесінің 6-шақырылым депутаттары Санат:Одақ Кеңесінің 7-шақырылым депутаттары Санат:Қазақ КСР округтарынан сайланған Одақ Кеңесінің депутаттары Санат:Ақмола облысынан сайланған Одақ Кеңесінің депутаттары Санат:Солтүстік Қазақстан облысынан сайланған Одақ Кеңесінің депутаттары Санат:Қазақстан КП Целиноград облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Семей облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 4-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 5-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 7-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 8-шақырылымының депутаттары Санат:КОКП XIX съезінің делегаттары Санат:КОКП XX съезінің делегаттары Санат:КОКП XXI съезінің делегаттары Санат:КОКП XXII съезінің делегаттары Санат:КОКП XXIII съезінің делегаттары Санат:Алматы қаласының Орталық зиратында жерленгендер