«Бэкрумс» (; сөзбе-сөз аудармасы — «Артқы бөлмелер» немесе мағыналық баламасы — «Шындықтың сахна арты») — режиссер Кейн Парсонстың Уилл Судиктің сценарийі бойынша түсірген америкалық ғылыми-фантастикалық қорқынышты фильмі. Бұл — Парсонстың толықметражды режиссерлік дебюті. Фильм Парсонстың YouTube платформасында «» веб-сериалын жасауына негіз болған аттас қалалық аңыз бен крипипастаға негізделген. Басты рөлдерді Чиветел Эджиофор, Ренате Реинсве, Марк Дюпласс, , және Эван Джогиа сомдады. АҚШ-та фильм 2026 жылдың 29 мамырынан бастап, ал Қазақстанда 4 маусымнан бастап прокатқа шықты.
Сюжеті Жиһаз дүкенінің иесі Кларк өзінің жертөлесінен басқа шындыққа — Бэкрумс өтетін өткелді тауып алады. Бұл кеңістік біртүрлі заттарға толтырылған және сарғыш қабырғалары бар бөлмелерден тұратын шексіз лабиринт болып шығады. Кларк бұл мекенге әуестеніп, әр түн сайын оған баратын болады. Уақыт өте келе ол бұл тылсым кеңістікке кірген алғашқы адам емес екеніне көз жеткізеді. Басқа шындықтың бар екенін дәлелдеу мақсатында Кларк әріптесімен және оның жігітімен бірге Бэкрумста кіріп, олардың саяхатын бейнежазбаға түсіруді ұйымдастырады. Алайда, Кларктың достары Бэкрумстағы белгісіз құбыжықтармен кездесіп, қаза табады. Ал Кларктың өзі оның құпияларын ашуға тырысып, лабиринт ішінде қалып қояды. Дәрігер-психиатр Мэри Клейн науқасымен болған соңғы әңгімесіне және оның жұмбақ жағдайда жоғалып кетуіне қатты алаңдайды. Ол Кларкты іздеуге аттанып, нәтижесінде Бэкрумста апаратын дәл сол өткелді табады.
Рөлдерде
Өндірісі Әзірленуі 2022 жылдың 7 қаңтарында Кейн Парсонс өзінің «Kane Pixels» YouTube арнасына «» деп аталатын бейнероликтер топтамасын жүктей бастады; бұл тұжырымдама Бэкрумс интернет-аңызы мен крипипастасына негізделген. 2023 жылдың ақпанында фильмді A24, Chernin Entertainment, Atomic Monster және 21 Laps Entertainment компаниялары бірлесіп шығаратыны жарияланды. Парсонстың режиссер болатыны, ал Роберто Патиноның сценарий жазатыны белгілі болды.
2025 жылдың мамыр айында Чиветел Эджиофор мен Кристин Милиоти фильмге түсу туралы келіссөздер жүргізе бастады. Келесі айда Эджиофор рөлге бекітілді, ал Уилл Судик сценарийдің соңғы нұсқасын жазатын болды; алайда Милиотимен келісімшарт жасалмай қалды. Оның орнына рөлге Ренате Реинсве тағайындалды. Шілде айында актерлік құрамға Марк Дюпласс, Финн Беннетт, Лукита Максвелл және Эван Джогиа қосылды.
Түсірілімдері Негізгі түсірілімдер 7 шілдеде Канаданың Ванкувер қаласында «Қарақшы» жұмыс атауымен басталды, операторы Джереми Кокс болдыJeremy Cox және 2025 жылдың 14 тамызында аяқталды.
Музыкасы Фильмнің музыкасын Эдо Ван Бремен мен Кейн Парсонс жазды.
Шығарылымы Фильм АҚШ-та 2026 жылдың 29 мамырында прокатқа шықты, фильмнің дистрибьюторы — A24 компаниясы. Қазақстанда фильм 2026 жылдың 4 маусымында жарық көрді, фильмнің атауы — «Бэкрумс»; дистрибьюторы — «Вольга» компаниясы.
Пікірлер
Дереккөздер
Санат:2026 жылғы АҚШ фильмдері Санат:A24 фильмдері Санат:АҚШ қорқынышты фильмдері Санат:АҚШ ғылыми-фантастикалық қорқынышты фильмдері Санат:Шон Леви продюсерлік еткен фильмдер Санат:Ванкуверде түсірілген фильмдер Санат:2026 жылғы қорқынышты фильмдер Санат:2020-жылдардағы ғылыми-фантастикалық фильмдер Санат:Веб-сериалдарға негізделген фильмдер Санат:Параллельді ғаламдар туралы фильмдер Санат:Кинорежиссёрлердің дебюттік фильмдері