Эмин Гюрсой (; 12 мамыр 1968, Денизли) — түрік актері және сценарисі.
Өмірбаяны Эмин Гюрсой 1968 жылғы 12 мамырда Денизли уәлаятының Гюней ауданында дүниеге келген. 1994 жылы Анадолы университеті Мемлекеттік консерваториясының театр бөлімін тәмамдады.
Еңбек жолында Анталия және Ван мемлекеттік театрларында қызмет етті. Кейіннен Измит қалалық театрының труппасына қосылып, әртүрлі спектакльдерде рөлдерді сомдады. 1996 жылы Италияда театр өнері бойынша ұйымдастырылған воркшоптарға (шығармашылық шеберлік сабақтарына) қатысты.
2018 жылы өткен 25-ші Халықаралық Адана кинофестивалінде «Сибел» фильміндегі үздік өнері үшін «Алтын құндыз» «Үздік екінші пландағы ер адам рөлі» номинациясы бойынша марапатқа ие болды.
Фильмографиясы Фильмдер Жыл Туынды Рөл2022Kurtuluş HattıМехмет Акиф Эрсой2020 Karakomik Filmler 2: Deli Тергеуші полиция2018 Sibel Эмин2015 Pek Yakında Иззеттин2013 Bu İşte Bir Yalnızlık Var Алтан2011Devrimden Sonra Entelköy Efeköy'e Karşı Ашыры Мұстафа2009 Denizden Gelen Режеп2007 Mutluluk Тахсин Made in Europe Мехмет2006 Sözün Bittigi Yer Исмаил2005 The İmam Мехмет қожа2001 Derviş Әли Deli Yürek: Bumerang Cehennemi Құсшы
Телехикаялар Жыл Туынды Рөл2025-2026 Cennetin ÇocuklarıТопал Эфе2024-2025Kızıl GoncalarЛоқман2024Aziz Mahmud Hüdayi: Aşkın Yolculuğu2023-2024Ateş KuşlarıҚажы2023-Yeşil Deniz: MilenyumХижаби Макасшы2020-2023Құрылыс: ОсманҚұмрал Абдал2017-2020 Kalk GidelimСефер Зәйтүн2017Ғаламат ғасыр: Көсем дәуіріШейх Абдулмежит Сиваси2014-2016 Yeşil DenizХижаби Макасшы2014 Bir Yusuf MasalıТігінші Жақып2012 Ustura KemalНико2011 Yamak Ahmet Эмин2010 Küstüm Çiçeği Решат2009 Kış Masalı Исмаил2008-2009 Baba Ocağı Режеп2007-2008 Генжо Сефа2006-2007 Yeşeren Düşler Дели Фазыл2006 Eylül Вейсел2005 Canım Annem Жемил2004 Çınaraltı Қадір2003 Hayat Bağları Құсшы1998-2002 Асау жүрек Құсшы1998 Üvey Baba Кемал
Дереккөздер
Санат:Түркия актерлері