«Құзғын» () — 1994 жылы жарық көрген, режиссер Алекс Пройас түсірген америкалық готикалық суперқаһармандық фильм. Сценарийін Дэвид Дж. Шоу мен Джон Ширли жазған. Бұл туынды — танымал актер Брэндон Лидің кинодағы соңғы рөлі. Фильм Джеймс О’Баррдың аттас комиксіне негізделіп түсірілген.

Түсірілім жұмыстары кезінде басты рөлді сомдаушы Брэндон Ли өлімші болып жараланып, қаза болды. Ол өзіне тиесілі сахналардың басым бөлігін өліміне дейін аяқтап үлгергендіктен, фильм сценарийді қайта жазу, дублерді пайдалану және цифрлық эффектілерді қолдану арқылы аяқталды. «Құзғын» фильмі Брэндон Ли мен оның қалыңдығы Элиза Хаттонға арналған.

Актердің қазасынан кейін Paramount Pictures компаниясы фильмді таратудан бас тартты, содан соң туындының құқығы Miramax компаниясына өтіп, олар жобаның толық аяқталуын қадағалады. Фильм көрермендер мен киносыншылар тарапынан оң бағаға ие болды. Rotten Tomatoes сайтының сыншылары туындының атмосферасын, визуалды эффектілерін, оператор Дариуш Вольскийдің жұмысын, қойылымдық дизайны мен Брэндон Лидің шебер ойынын жоғары бағалады. Фильм 23 миллион доллар бюджетімен 94 миллион доллар кассалық табыс жинап, культтік туындыға айналды. Фильмнің жетістігі үш сиквелді, телесериалды және қайта жүктеуді (ремейк) қамтитын медиафраншизаның дүниеге келуіне түрткі болды. Алайда, негізінен басқа кейіпкерлер ойнаған және алғашқы актерлік құрамнан ешкім қатыспаған сиквелдер бірінші фильмнің табысын қайталай алмады.

Сюжеті Қылмыс жайлаған, тоз-тозы шыққан Детройт қаласындағы «Шайтан түні» (Devil's Night) кезінде бұзақылар тобының шабуылынан Шелли Уэбстер есімді жас әйел зорлық-зомбылық көріп, ауыр жараланады. Ал оның сүйіктісі, рок-музыкант Эрик Дрэйвен пышақ пен оқтан жарақат алып, өздері тұратын үйдің шатырындағы пәтер терезесінен құлап өледі. Полиция сержанты Дэрил Альбрехт Шеллиді ауруханаға жеткізгенімен, ол алған жарақаттарынан көз жұмады. Фильмде адам жанын өлілер мекеніне апаратын құзғын туралы аңыз баяндалады. Егер адам қайғылы жағдайда қаза тапса, құзғын бәрін қалпына келтіру үшін оның мазасыз рухын қайта тірілте алады.

Бір жылдан кейін кезінде Эрик пен Шелли қамқорлықтарына алған кішкентай қыз Сара олардың бейітіне келеді. Осы сәтте Эриктің құлпытасына құзғын келіп қонып, оны шоқи бастайды, бұл Эриктің қайта тірілуіне себеп болады. Есін жинай алмай, есеңгіреген Эрик өзінің қираған шатырдағы пәтеріне оралып, болған қанды оқиғаны есіне түсіреді. Тин Тин, Фанбой, Ти-Бёрд және Сканк есімді қылмыстық топ мүшелері оларға шабуыл жасаған болатын. Оған себеп болған Шелли өздері тұратын үйден тұрғындарды күштеп көшіруге қарсы шыққан еді. Ал бұл ғимаратты қаланың қаніпезер қылмыс бароны Топ Доллар басып алуды көздеген болатын. Өзінің кез келген жарақаттан лезде жазылып кететінін түсінген Эрик, бетіне қара-ақ түсті бояу жағып, құзғынның жетелеуімен өзі мен Шелли үшін кек алу жолына шығады.

Рөлдерде Брэндон Ли — Эрик Дрэйвен / Ворон (дублер Чад Стахелски) София Шинас — Шелли Уэбстер Рошель Дэвис — Сара Эрни Хадсон — полиция сержанты Дэрил Альбрехт Майкл Уинкотт — Топ Доллар Бай Лин — Мика Дэвид Патрик Келли — Ти-Бёрд Анджел Дэвид — Сканк Лоуренс Мэйсон — Тин Тин Майкл Масси — Фанбой Тони Тодд — Гранж, Топ Доллардың оңқолы Джон Полито — Гидеон Билл Рэймонд — Микки Марко Родригес — Детектив Торрес Анна Левайн — Дарла

Дереккөздер

Санат:1994 жылғы фильмдер Санат:АҚШ мистикалық фильмдері