«Праганы азат еткені үшін» медалі () — КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1945 жылғы 9 маусымдағы Жарлығымен құрылды. Медаль суретінің авторлары - суретші А. И. Кузнецов және суретші Скоржинская.

Медал жайлы ереже «Праганы азат еткені үшін» медалімен 1945 жылы 3–9 мамыр аралығында Праганы ерлікпен шабуылдап азат етуге тікелей қатысқан Қызыл әскердің, Әскери-теңіз флотының және ІІХК әскерлерінің әскери қызметшілері, сондай-ақ осы қаланы азат ету жөніндегі жауынгерлік операцияларды ұйымдастырушылар мен басшылар марапатталады.

Медалды табыстау КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының атынан Праганы азат етуге нақты қатысқанын растайтын, әскери бөлімдердің қолбасшылары мен әскери-емдеу мекемелерінің басшылары берген құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.

Медалды табыстау: әскери бөлімдердің командирлері арқылы — Қызыл әскер мен Әскери-теңіз флотының әскери бөлімдерінде қызмет атқарып жүрген адамдарға; марапатталғандардың тұрғылықты жері бойынша облыстық, қалалық және аудандық әскери комиссарлар арқылы — армия мен флот құрамынан шығарылған адамдарға жүргізіледі.

Тағу ережесі «Праганы азат еткені үшін» медалі кеуденің сол жағына тағылып, КСРО-ның басқа медалдары болған жағдайда «Варшаваны азат еткені үшін» медалінен кейін орналасады.

2010 жылдың 7 қыркүйегінен бастап тағанға тағылатын КСРО ордендері мен медалдарын Ресей Федерациясының ордендері және медалдарымен бірге таққан кезде, КСРО ордендері Ресей Федерациясының ордендерінен кейін, ал КСРО медалдары Ресей Федерациясының медалдарынан кейін орналастырыладыУказ Президента Российской Федерации № 1099 от 7 сентября 2010 г. «О мерах по совершенствованию государственной наградной системы Российской Федерации».

Медал сипаттамасы «Праганы азат еткені үшін» медалы жезден дайындалып, диаметрі 32 мм болатын дұрыс дөңгелек пішінге ие.

Медалдың алдыңғы бетінің жоғарғы жағында шеңбер бойымен «АЗАТ ЕТКЕНІ ҮШІН» (), оның астында «ПРАГАНЫ» () деген жазу жазылған. Төменгі жағында күннің шығып келе жатқан бейнесі және бесбұрышты жұлдызшаның астында біріктірілген екі дәмжапырақ бұтағы бейнеленген. Медалдың алдыңғы беті ернеумен жиектелген.

Медалдың артқы бетінде Праганың азат етілген күні — «9 мамыр 1945» () деген жазу, ал күннің астында бесбұрышты жұлдызша орналасқан.

Медалдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы келеді.

Медал құлақша мен шығыршық арқылы ені 24 мм ақшыл көк-күлгін түсті жібек қатқыл таспамен тысталған бесбұрышты тағанға бекітіледі. Таспаның ортасында ені 8 мм көк жолақ орналасқан.

Марапатталғандар «Праганы азат еткені үшін» медалімен Қызыл әскердің, Әскери-теңіз флотының және ІІХК әскерлерінің 1945 жылы 3–9 мамыр аралығында өткен Прага операциясының тікелей қатысушылары, сондай-ақ осы қаланы азат ету жөніндегі жауынгерлік операцияларды ұйымдастырушылар мен басшылар марапатталды.

1962 жылғы жағдай бойынша «Праганы азат еткені үшін» медалімен 395 000-нан астам адам марапатталғанШуняков Д. В. Награды удостоены… Статистические данные по награждению советскими орденами и медалями в годы Второй мировой войны. // Военно-исторический журнал. — 2021. — № 5. — Б.48.. Марапатталғандардың қатарында 40 мыңы Чехословакия азаматы болғанЧехословацкая Народная Армия // Армии стран Варшавского договора. (справочник) / А. Д. Вербицкий и др. — М.: Воениздат, 1985. — Б. 172—191..

Суреттеме

Әдебиет

Дереккөздер

Санат:КСРО медалдары