нобай|оңға|Сайлаудың ресми екітілді логотипі І шақырылымдағы Құрылтай сайлауы 2026 жылғы 23 тамызда өтті. Дауыс беру барысында бес жылдық өкілеттік мерзіміне Қазақстан Республикасының жаңа бір палаталы заң шығарушы органы — Құрылтайдың 145 депутаты сайланды.
Бұл сайлау — 1991 жылдан бері Қазақстанда өткен оныншы парламенттік сайлау әрі 2026 жылғы конституциялық референдумда қабылданған Қазақстанның жаңа Конституциясына сәйкес құрылған Құрылтайдың алғашқы сайлауы. Конституциялық өзгерістер 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енгеннен кейін Құрылтай Қазақстан Республикасының екі палаталы Парламентінің орнын басты.
Алғышарттары 2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында Парламент Сенаты өзінің жоғарғы палата ретіндегі миссиясын толық орындағанын мәлімдеп, бір палаталы парламентке көшуді ұсынды. 2026 жылғы 15 наурызда өткен референдумда бұл бастама 87,15% дауыс жинап қолдау тапты. Нәтижесінде екі палаталы парламент (Сенат пен Мәжіліс) 2026 жылғы 1 шілдеде өз өкілеттігін тоқтатты. Сол жылдың 10 сәуірінде Тоқаев сайлаудың тамыз айында өтетінін жариялағанымен, нақты күнін атамады. 1 шілдеде жаңа Конституция күшіне енген бойда президент сайлау күнін 23 тамызға белгіледі.
«Аманат» және «Әділет» партияларының бірігуі 2026 жылғы 12 маусымда «Аманат» партиясының съезінде партия жаңадан құрылған «Әділет» партиясына қосылу туралы шешім қабылдады. 2026 жылғы 14 маусымда «Әділет» партиясының съезінде бұл шешім мақұлданып, екі партия бір партияға айналды.
«Ақ жол», «Ауыл» және ҚХП партиялары басшылығының ауысуы 2026 жылғы 13 маусымда «Ақ жол» партиясының съезінде Дәния Еспаева партия төрағасы болып сайланды. Ол осы съезде өзінің төраға өкілеттігін тоқтатқанын жариялаған және партияны 2011 жылдан бері басқарып келген Азат Перуашевтің орнына келді. 2026 жылғы 23 маусымда өткен «Ауыл» партиясының кезектен тыс съезінде Серік Егізбаев төрағалық өкілеттігін тапсыратынын мәлімдеді. Партияның жаңа төрағасы болып Қайрат Айтуғанов сайланды. Қазақстан халық партиясының (ҚХП) кезектен тыс съезі 2026 жылғы 27 маусымда өтті. Съезд барысында Ермұхамет Ертісбаев партия төрағасы өкілеттігінен бас тартты, ал Нұрсұлтан Шоқанов ҚХП-ның жаңа төрағасы болып сайланды.
Сайлау науқаны нобай|оңға|Сайлауды жарнамалаған ерікті жастар, Алматы, Қазақстан, 2026 жылғы 14 тамыз нобай|оңға|Түрлі партиялардың сайлауалды науқан постерлері бар ақпарат тақтасы, Алматы, Қазақстан, 2026 жылғы тамыз
«Әділет» 2026 жылғы 10 шілдеде «Әділет» партиясының III съезі өтті. Съезде партияның саяси кеңесі мүшелері сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Олар цифрлық мемлекетті дамыту, өңірлерді дамыту, әділетті экономиканы қалыптастыру, әлеуметтік саясат, адами капиталды дамыту, мәдениет саласы және экология мәселелерін көтеріп, ұсыныстар айтты. Партия төрағасы Айбек Дәдебай партияның сайлауалды бағдарламасы ауқымды сараптамалық және қоғамдық жұмыстың нәтижесі екенін атап өтті.
Съезд соңында 186 кандидаттан тұратын ауқымды партиялық тізім ұсынылды. Оның құрамына ғылым, білім, бизнес, өнеркәсіп, цифрлық сала, мәдениет, спорт және азаматтық қоғам өкілдері енген. Тізімнің ішінде партия төрағасы Айбек Дәдебай, президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин, кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліп пен Андрей Лаврентьев, президент Тоқаевтың жиені Дана Медеуова, парламенттің экс-депутаттары, бұрынғы «Аманат» партиясының басшылық құрамы бар.
«Ақ жол» 2026 жыл 5 шілдеде «Ақ жол» партиясының сайлауалды съезі өтіп, онда Құрылтай сайлауына қатысу мәселелері қаралды. Партия төрағасы Дания Еспаева «Өзгерістер қажет» атты сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Оның айтуынша, құжатта тәуелсіздік пен ұлттық мүддені қорғаудан бастап, парламентаризмді нығайту, кәсіпкерлікті қолдау, жемқорлықпен күрес, адами капиталды, заманауи технологиялар мен еркін нарықтық экономиканы дамытуға дейінгі басым бағыттар қамтылған.
Съезд Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті. Оған барлық өңірдегі отандық кәсіпкерліктің, сарапшылар қауымдастығы мен қоғамдық қызметтің түрлі салаларының өкілдерінен құралған 63 кандидат енгізілген.
«Ауыл» 2026 жыл 6 шілдеде өткен «Ауыл» партиясының кезектен тыс XXVI съезінде партия Құрылтай сайлауына қатысатын кандидаттар тізімін бекітті. Партия атынан үміткерлер қатарына 69 адам енген, оның 29%-ы — әйел. Партияның сайлауалды бағдарламасы 4 негізгі бөлім мен өңірлерді дамытуды көздейтін 7 бағыттан тұрады. Негізінен азық-түлік қауіпсіздігі, инфрақұрылым, әлеуметтік саясат, білім-ғылым, экология, отбасылық құндылықтарға басымдық берілген. «Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Серік Егізбаев әрбір үшінші қазақстандық ауылдық жерде тұратынын, сондықтан жаңа жұмыс орындарын ашу, мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы саласын қолдау мәселелерін сайлауалды бағдарламасында қарастыратынын, Құрылтайға өтіп жатса, партияның бағыты сол болатынын айтты.
Нәтижесі 350px|center Партия Дауыс саны % Мандат саны ±Мандат Әділет 6 528 948 71,17 Жаңапартия Ауыл 574 621 6,26 +2 Respublica 509 631 5,56 +3 Ақ жол 478 083 5,21 +2 Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 469 058 5,11 +4 Қазақстан халық партиясы 285 395 3,11 -5 Байтақ 97 751 1,07 0 Бәріне қарсымын 2,51 – – Жалпы 9 351 539 100,00 145 +47 Тіркелген сайлаушылар 12 623 289 – Дереккөз: Егемен Қазақстан
Дереккөздер
Санат:Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттігі Санат:Қазақстандағы парламент сайлаулары Санат:Қазақстандағы 2026 жыл Санат:Азиядағы 2026 жылғы сайлау Санат:Азиядағы 2026 жылғы тамыз Санат:23 тамыздағы оқиғалар Санат:Қазақстан Құрылтайы