Гүлжамал Имержанқызы Аметбакиева (1975 жыл 13 маусым, Алматы) — қазақстандық журналист, телерадио жүргізушісі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі (2009 жылдан). Ұйғыр және орыс тілдеріндегі ақпараттық-танымдық бағдарламалардың авторы әрі жүргізушісі, Қазақстан халқы ассамблеясы қызметін насихаттауға үлес қосқан.

Өмірбаяны Гүлжамал Имержанқызы Аметбакиева -1975 жылғы 13 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген.

1997 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (сол кездегі Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті) тәмамдаған.

Сол жылдан бастап «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясы» АҚ құрамындағы Қазақ радиосының ұйғыр редакциясында редактор болып қызмет атқарады.

Апта сайын ұйғыр тілінде шығатын «Достық» радиобағдарламасын жүргізеді. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне арналған орыс тіліндегі «Мы казахстанцы» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі ретінде еңбек етеді.

2009 жылдан бастап Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Марапаттары Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастыратын этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» байқауының бірнеше дүркін жеңімпазы.

2005 жылы ұйғыр тіліндегі бағдарламасы үшін «Ең үздік радиохабар» аталымының жеңімпазы; 2013 жылы «Мы казахстанцы» бағдарламасы үшін «Шаңырақ» байқауының лауреаты атанды.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан журналистері