Қазақстан Республикасы Құрылтайының төрағасы — Құрылтай атты Қазақстан бірпалаталы парламентінің спикері.
Тарихы Құрылуы Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздік алған уақыттан бері жұмыс істеген бірпалаталы Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің орнына 1995 жылы екіпалаталы Қазақстан парламентін орнататын конституция бекітті. Оның құрамына Сенат пен Мәжіліс кірді. Бұл жүйе ел билігінің заң шығарушы тармағы болып 2026 жылғы конституциялық реформаға дейін қызмет етті. 2026 жылғы конституциялық референдум нәтижесінде жаңа Ата заң және Құрылтай атты бірпалаталы парламент бекітілді.
Құрылтайдың тұңғыш сайлауы 2026 жылғы 23 тамызда өтті. Тұңғыш Құрылтайдың бірінші сессиясы 28 тамызда өтеді де, депутаттар төрағасын сайлайтын болады.
2026 жылғы 28 тамыздағы 1-шақырылған Құрылтайдың тұңғыш сессиясында Президент Тоқаев Құрылтай төрағалығына Айбек Дәдебай кандидатурасын ұсынды. Кандидатураны 144 депутат қолдап, Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды.Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды
Тағайындалуы Төрағаны қазақ тілін жетік меңгерген депутаттар арасынан Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен жасырын дауыс беру арқылы сайлайды. Төрағаның лауазымына кандидатураны Қазақстан президенті ұсынады. Құрылтай президент ұсынысына екі мәрте келіспесе, президент Құрылтайды тарата алады. Құрылтай депутаттары Төрағаны лауазымынан босатуға құқылы.
Міндеттері және өкілеттіктері Төраға Құрылтай отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді. Депутаттар берген дауыс тең келіп қалса, шешуші дауысты Төраға жасайды. Төраға, оған қоса, Құрылтай бюросын басқарады.
Құрылтайдың алғашқы сессиясын көбіне Қазақстан президенті ашады. Басқа жағдайда бұл міндет Төрағаға жүктеледі.
Орынбасарлары
Төрағаның үш орынбасарын Құрылтай депутаттары сайлайды. Олардың кандидатураларын Төрағаның өзі ұсынады.
Төраға сайланбай тұрғанда Құрылтайдың отырыстарына Орталық сайлау комиссиясының басшысы төрағалық етеді.
Төрағалар тізімі №Суреті Аты-жөні Өкілеттігі Партиясы Президенті Басы Аяғы Ұзақтығы 1 110px Айбек Дәдебай(1980 туған) 28 тамыз2026 Әділет
Дереккөздер
* Төраға