Яна Борисовна Абдеева (1966 жыл, 24 қыркүйек) – прозаик, ақын, публицист, өз шығармаларының иллюстраторы.
Өмірбаяны 1966 жылы 24 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында дүниеге келген. Өскемен құрылыс-жол институтын (қазіргі Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті) «Қалалық құрылыс» мамандығы бойынша (1988) үздік дипломмен, Шығыс Қазақстан гуманитарлық институтын «Психология» мамандығы бойынша (2004), Орталық Азия университетін «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша (2006) тәмамдаған.
Қазіргі уақытта А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында қызмет етеді.
Шығармашылық жолы 1992 жылы Қазақстандағы ғылыми фантастика әуесқойларының жалғыз қауымдастығын құруға бастамашы болды. Облыстық, өңірлік («Ақ Ертіс-Иртыш», «Мәдениет жаршысы – Вестник культуры», «Рудный Алтай», «Устинка плюс», «Наше дело», «7 дней», «Кедр», «Алтай изумрудный»), сондай-ақ республикалық («Кітапхана әлемі», «Нива», «KITAP PATSHALGY.QZ») және шетелдік («Цветная металлургия» (Мәскеу), «Тера Фантастика» (Варна, Болгария), «Культура. Искусство. Литература» (Варна, Болгария), «Шалтай-Болтай» (Волгоград), «Фанданго» (Симферополь, Қырым) бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып келеді.
2021 жылы «Буквица» интернет-энциклопедиясына автордың «Нива» журналында жарияланған шығармалары енгізілді. «Фантастика мұрағаты» порталында «Күн шеңбері» шығармасының Барнаулда қайта басылып шыққан нұсқасы библиографияға енгізілді. 2021 жылғы наурызда Дүниежүзілік поэзия күніне арналған Халықаралық онлайн-марафонға қатысты. Марафонға Ресей, Франция, Германия, Грузия, Украина және Сербия өкілдері қатысты.
2021 жылы 14 қыркүйекте Я. Б. Абдееваға 2021 жылғы 7 шілдедегі №19245 авторлық құқық туралы куәлік берілді. Куәлік «Записки из будущего. Истории из жизни медвежат-путешественников» атты фантастикалық повесіне берілген. Бұл шығарма 2022 жылы балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік әдеби шығармаға арналған Ы. Алтынсарин атындағы республикалық байқау қорытындысы бойынша Шорт-листке енді.
2005–2008 жылдары және 2011–2012 жылдары республикалық «Книголюб» кітап шолу басылымында фантастика мен фантастикатану мәселелеріне арналған «Әлемдер тоғысы» («Перекресток миров») айдарын жүргізді.
2024 жылы Кемерово қаласында «Фантастикалық еңбектің қаһарманы» («Герой фантастического труда») медалімен марапатталды. 2015 және 2016 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Кітапхана ісінің үздігі» медалімен марапатталған.
2002 және 2003 жылдары Қазақстаннан халықаралық «Аэлита» фантастика фестиваліне (Екатеринбург) қатысқан жалғыз өкіл болды. 2024 жылы Сібірдегі ең көне «Контакт» фантастика әуесқойлары клубының халықаралық отырысына (Новокузнецк) және «НовоКон» фантастика фестиваліне (Геленджик) қатысты. 2026 жылы Қырымда өткен «Фанданго» XIX Қырым фантаст-жазушылар конвентіне («КрымКон») қатысты.
2023 және 2024 жылдары Кемерово қаласында өткен Дүниежүзілік фантастика күні – ВсеДеФана іс-шарасының қатысушысы болды.
Я. Б. Абдееваның шығармалары Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына және республикадағы ең көне қоғамдық әдеби бірлестіктердің бірі – «Звено Алтая»-ның 100 жылдығына орай жарық көрген жерлес жазушылар шығармаларының 30 томдық жинағына енгізілді.
2007 жылдан бері «Звено Алтая» өңірлік әдеби бірлестігінің мүшесі. «Солнечный круг: писатели Восточного Казахстана - детям» және «Парсек Мечты» бірлескен авторлық жобаларына қатысушы.
А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының қызметкері, «Перекресток Миров» фантастика әуесқойлары клубының төрайымы.
2026 жылы Я. Абдееваның «Байки и были Усть-Каменогорска» атты фантастикалық әңгімелер топтамасы «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің 105 жылдығына арналған облыстық «Литературный круг» әдеби шығармашылық байқауының қорытындысы бойынша «Ерекше көзқарасы үшін» құрмет грамотасымен марапатталды.
Ал. ақын Лариса Ивановна Мартынованың мерейтойына арналған «Время живет в тебе» мақаласы «Публицистика/өлкетану» номинациясында екінші орынға ие болды.
Шығармалары Абдеева, Я. Записки из будущего / Я. Абдеева. - Усть-Каменогорск, 2011. - 128 с. Абдеева, Я. SKAZZZO4KA / Я. Абдеева. - Усть-Каменогорск, 2011. - 120 c. Абдеева, Я. Выбери себе Вселенную / Я. Абдеева. - Усть-Каменогорск, 2011. - 168 с. Абдеева, Я. Записки из будущего. Истории из жизни медвежат-путешественников. - Усть-Каменогорск:BIOS, 2020. – 102 с. – (В соавторстве с М. А. Абдеевым). Абдеева, Я. «С гармонией вселенной»: стихи // Васильковое поле Натальи Матвеевой. – Усть-Каменогорск: ТОО «ВКПК АРГО», 2021. – С.4-5. Абдеева, Я. Из жизни океаноидов / Я. Абдеева. - Новосибирск : Автограф, 2024. - 136 с. Абдеева, Я. Записки из будущего: истории из жизни медвежат-путешественников / Я. Абдеева. – Симферополь : ИД СеЖеГа, 2026. – 150 с.
Дереккөздер
Санат:Ақындар Санат:Қазақстан ақындары