Ташкентті басып алу — Қоқан-Ресей соғысының оқиғасы. Оның барысында генерал-майор Черняев басқарған Ресей армиясының жасағы Ташкент қаласына бақылау орнатты. Бір жылдан соң Орталық Азиядағы ең ірі сауда орталығы империя құрамына тікелей енгізілді.

Алғышарты Шыршық өзенінің аңғарында, кеме қатынасына қолайлы Сырдария өзенінің саласына жақын орналасқан Ташкент өзінің географиялық жағдайына байланысты бүкіл Түркістанның «кілті» саналды. XIX ғасырдың ортасына қарай қала аймақтағы ішкі, сыртқы және транзиттік сауданың аса ірі орталығына айналды. Әсіресе, Ташкент Орта Азия хандықтарын Қазақ даласымен, Ресеймен және Шығыс Түркістанмен байланыстыратын керуен жолдарының маңызды торабы қызметін атқарды. Халқының саны жүз мың адамға дейін жеткен Ташкент Орта Азиядағы аса ірі мәдени және қолөнер орталықтарының бірі әрі Қоқан хандығындағы ең ірі қала болды.

Ташкенттің экономикалық өркендеуінің негізін сауда және оның инфрақұрылымы құрады. Сондықтан сауда орталығы ретінде маңызды орын алған әрі қалада Ресейге бүйрегі бұратын ықпалды топ болған Ташкент Ресейдің қоластына өтуіне мүдделі еді.

Қоқандықтардан жақында ғана тартып алынған Шымкентті канцлер Горчаков үкімет белгілеген әскери-саяси міндеттерді жүзеге асырудағы маңызды қадам деп санады. Оның пікірінше, Шымкенттің жаулап алынуы бұрын үзіліп қалған шекара шептерін біртұтас шекараға біріктіріп, үкімет белгілеген іс-қимыл бағдарламасын аяқтауға мүмкіндік берді. Алайда, Жаңақоқан шебінің басшысы Черняев оңтүстікке қарай жылжуын тоқтатпады. Бұл кезде Ташкентте Бұхара әмірлігін жақтаушылардың ықпалы күшейе түсті. Олардың беделінің артуына қала тұрғындарының Ресейдің араласуынан үмітінің үзілуі себеп болды. Сонымен қатар, Ташкентті Бұхара әмірі басып алмақшы деген қауесет кең тарады. Бұхара әмірі бұған дейін кезекті ішкі алауыздықты бастан өткеріп жатқан Қоқан хандығынан Хожантты тартып алған едіВласов А. В. Создание Новококандской линии и завоевание Ташкента в освещении российской прессы в середине 60-х годов XIX века. 2011.. Осы жағдайлардың барлығы Черняевті Ташкентті өз бақылауына алу жөніндегі жоспарын жедел жүзеге асыруға итермеледі.

1864 жылғы шілдеде М. Г. Черняев қолбасшылық еткен Ресей әскерінің Шымкентті шабуылмен басып алуы өңірдегі әскери-саяси ахуалды түбегейлі өзгертті. Қалыптасқан жағдай Черняевті Ресейдің Ташкентке де бақылауын орнату бағытында белсенді қимылға көшуге мәжбүр етті. 1865 жылы генерал Черняевке Бұхара әскерінің Үрейтөбеге жиналып жатқаны туралы хабар жетті. Бұхара жасақтарының бұл қозғалысы олардың Хожантпен қатар стратегиялық маңызы зор Ташкентті басып алуды көздеп отырғандығы жөнінде ой туғызды. Осы қауіптің алдын алу үшін генерал Черняев Ташкентке қарай аттанды. Екі күндік қарсылықтан кейін ол Ташкенттің су жүйесін бақылауда ұстап отырған Қоқанның Ниазбек бекінісін басып алды. Алайда, бұл әрекет жоғары әскери басшылықтың бұйрығына қайшы еді. Әскери министр Черняевке оның қарамағындағы әскер санының жеткіліксіз екенін ескертіп, «шабуыл жасауға батыл бармауға» бұйрық берген болатын. Соған қарамастан Черняев өз жорығын жалғастырды. Ташкентке апарар жолдағы Ниазбек бекінісінің алынуы қала тағдырын шешкен әскери қимылдардың басталуына жол ашты.

Әскери күштердің арақатынасы thumb|right|200px|Генерал-майор М. Г. Черняев Ресей әскерінің шабуылдаушы жасағында шамамен 1000 найзалы жаяу әскер мен қылышты атты әскер болды. Шабуыл жасақтарының бірін штабс-капитан Абрамов басқарды, оның құрамында 500 жауынгер болды. Екінші жасаққа майор Делакруа қолбасшылық етті, оның құрамында 2 рота мен 2 зеңбірек болды. Үшінші жасақты подполковник Жемчужников басқарды. Оның қарамағында 2 ½ рота және 4 зеңбірек болды. Бұдан бөлек, бір взвод жауынгер мен жүз казактан тұратын жасақ әскердің тылын күзетіп, арбалы керуенді қорғады. Ниязбек бекінісін қорғау үшін, Сарытөбедегі далалық бекіністі және Ноғайқорғандағы осындай бекіністі күзету үшін негізгі жасақ құрамынан гарнизондар бөлінді. Полковник Краевскийдің жасағы бөлек әрекет етті. Оның құрамында 2 рота, 2 зеңбірек және елу казак болды. Бұл жасақ Қойлықтағы Қоқан жолының белгілі бір бөлігін бақылауда ұстады.

Ташкент гарнизонының саны едәуір болғанымен — шамамен 15 мың жауынгер, оның әскері қаланың кең қорғаныс шебі бойына шашыраңқы орналастырылды. Қорғаныс шебінің ұзындығы 24 шақырымға созылып жатқандықтан, кенеттен жасалған шабуыл кезінде гарнизон әскерін бір жерге жылдам шоғырландырып, жауға қарсы тұру мүмкіндігі шектеулі еді. Сол сияқты көптеген барбеттерге орналастырылған артиллерияны да қорғаныс үшін бір нүктеге қысқа мерзімде жинақтау мүмкін болмады.

Бірінші шабуыл Ташкентті иемденуге жасалған алғашқы әрекет сәтсіз аяқталды. Оны Черняев 1864 жылдың күзінде қолға алды. 1864 жылғы 1 қазанда 12 зеңбірегі бар 8,5 жаяу әскер ротасы Ташкентке Шымкент жолы жағынан, қазіргі Жүнісабат ауданы аумағынан келіп, Аққорған деген жерде әскери қос құрды. 15 қарашада подполковник Обух бастаған екі рота қала қабырғасына шабуылға шықты. Алайда, оларды қоқандықтардың жойқын оғы қарсы алды. Қала қабырғасының түбіндегі орда оқ астында жатып қалған Обухтың сарбаздарын Черняев зор қиындықпен құтқарып қалды. Осы шайқаста подполковник Обух өлімші болып жараланды. Осыдан кейін Черняев Мыңөрік көне қалашығындағы төбелерге шегінді. Ресей жасағы Салар көпіріне жақын, Қойлық жолының бойына әскери қос тікті. Бұл шабуылда екеуі офицерді қосқанда, 18 адам қаза тапты. 60 адам жараланды, олардың арасында өлімші болып жараланған екі офицер — подполковник Обух пен подпоручик Рейхард болды. Екеуі де алған жарақаттарынан Шымкентте қайтыс болды.

Ташкентті қорғаған қоқандықтар орға түсіп, орда қалған алты қаза тапқан сарбаздың киімдерін шешіп, бастарын шауып алды. Олардың бастарын сүңгілерге қадап, қала ішінде алып жүрді.

Ресей әскерінің шегінуінен кейін шамамен 3000 ташкенттік Қоқандықтардың қайтып келіп, өздеріне жаза қолдануынан қауіптеніп, Ташкенттен Ресей әскерлері басып алған қалаларға, соның ішінде Түркістан мен Шымкентке қашып кетті.

Екінші шабуыл thumb|left|250px|Ташкентке шабуыл жасау жоспары 1865 жылы 23 сәуірде Черняев Шымкенттен 8 жаяу әскер ротасынан, 2 жүздіктен тұратын казак жасағынан және 10 зеңбіректен құралған жасақпен аттанды. Кейін Ташкентті қоршау кезінде оған тағы екі жаяу әскер ротасы мен екі зеңбірек келіп қосылды.

Қаланы тікелей шабуылмен алуға әскер күші жеткіліксіз екенін түсінген Черняев Ташкентті қатаң қоршауға алып, қалаға келетін суды тоқтату арқылы оны берілуге мәжбүр етуді көздеді. Ол үшін Ташкенттен 30 шақырым қашықтықта, қазіргі Шыршық қаласы маңында, Ташкенттің алып суару арналары Шыршық өзенінен бастау алатын жерде орналасқан Ниязбек бекінісін басып алу қажет болды.

Ниязбек бекінісін алғаннан кейін Черняев Ташкентке қарай жылжыды. Алайда, қолайлы сәтті күту үшін қаладан 8 шақырым қашықтықтағы Сарытөбе төбесіне тоқтады.

Қала іргесіндегі қақтығыстар 1865 жылы 8 (20) мамырда Ресей әскерінің бір атты және бір жаяу жасағы бір зеңбірекпен бірге Салар өзенінің жағасында, Алтынтөбе мен Қорғаншы Назарбек елді мекендері маңында, Әлімқұл бастаған Қоқан әскерлерімен кездесті. Қоқан жасақтары Дархан арығының оң жағалауына сап түзеп орналасты. Қызу шайқастан кейін Ресей жасақтары Шортөбеге қарай шегінді.

1865 жылы 9 (21) мамырда Ресей әскерінің негізгі күштеріне Ташкентке көмекке Қоқаннан бір күн бұрын келген Қоқан хандығының басты әскери күші шабуыл жасады. Оларға хандық билеушісі Әлімқұл молда қолбасшылық етті. Әлімқұл молданы4 40 мың адамдық жасағының құрамында 10 мыңға жуық тұрақты, бірыңғай әскери киім киген жаяу әскер және 40 зеңбірек болды. Таң ата ол барлық зеңбіректен оқ жаудырып, Ресей әскерінің қосына шабуыл бастады. Алайда, екі сағатқа созылған шайқастан кейін қоқандықтар жеңіліп, екі зеңбірегінен және 300-ге жуық адамынан айырылды. Қаза болғандардың арасында Әлімқұл молданың өзі де бар еді. Черняев жасағының шығыны 10 жараланған және 12 жарымжандық алған адамды құрады. Әлімқұл молданың өлімші болып жараланғаны туралы хабар Ташкент қорғаушыларының қатарын алаңдатты. Черняев қалаға бірден шабуыл жасауға асықпады. Ол қаланың сусыз қалуы және қатаң қоршаудың орнауы Ташкентті түптің түбінде өз қолына түсіреді деп сенді. Алайда, Ташкенттен келген хабарлар жағдайдың Черняев ойлағандай емес екенін көрсетті. Қалада Ресей империясын жақтаушылар — саудагерлер мен қолөнершілер — емес, Бұхара әмірлігін жақтаушылар — әскерилер мен дінбасылар — басымдыққа ие болған еді. Тіпті, қала тұрғындары Бұхара әміріне адалдығын білдіру жөнінде ұсыныс жасау үшін Бухараға арнайы елшілік жібергені туралы мәлімет келіп жетті. Бұл хабар Черняевті Ташкенттің шығысындағы Қоқан жолынан шығып, қаланың оңтүстік жағындағы Бұхара (Самарқан) жолына ауысуға мәжбүр етті. Сарытөбені аралық тірек пункті ретінде бекініп алғаннан кейін, Черняев өз жасағын Шыназ бен Ташкенттің арасына, яғни қаланың оңтүстік-батыс жағына орналастырды.

Қаланы шабуылмен алу туралы шешімнің қабылдануы Маусым айының ортасына қарай Бұхара әмірінің бүкіл Бұхара әмірлігінен әскери күштерді жинап, Үрейтөбеге қалың қол шоғырландырып жатқаны туралы хабар келді. Әмірдің өзі де Ташкентке көмек көрсету және қалаға өз ықпалын орнату мақсатымен тұрақты әскерлерімен Самарқаннан аттанған еді. Осы жағдайды ескерген Черняев Ташкентті шабуыл арқылы басып алуға шешім қабылдады. 7 маусымға қараған түні қаланың оңтүстік-батыс жағында күш қолданып барлау жүргізілді. Оған подполковник Краевский басқарған 4 зеңбірегі бар 2,5 рота қатысты.

Қамалан қақпасына шабуыл 1865 жылы 15 (27) маусымға қараған түні Черняев Қамалан қақпасына шабуыл бастады. Ресей сарбаздары қала қабырғасына білдіртпей жақындап, тұтқиылдан шабуыл жасау арқылы қоқандық қарауылға соққы берді. Артынша шабуыл сатылары орнатылып, Ресей сарбаздары қала ішіне кірді. Тұтқиылдан жасалған шабуылға тосыннан тап болған қоқандық сарбаздар жасағы әлсіз қарсылық көрсетті. Олардың басым бөлігі қашып құтылса, аз ғана бөлігі сол жерде қаза тапты. Қала қабырғасына алғашқылардың қатарында ротмистр, кейін генерал-майор болған Вульферт, поручик, кейін генерал болған Петр Михайлович Шорохов және дін қызметкері Малов (кейін митра кию құқығына ие болып, І дәрежелі Әулие Анна орденімен марапатталған протоиерей атанған және Ташкент әскери Спасо-Преображенск киехананың алғашқы аға попы болды).

Көше шайқастары Қақпаны басып алғаннан кейін сарбаздардың бір бөлігі топырақпен мықтап бекітіліп тасталған қақпаны дереу аршуға кірісті, ал қалғандары жақын маңдағы бақтар мен үйлерді басып алуға ұмтылды. Осы кезде майор Делакроа да келіп жетті. Сол сәтте, Черняев Абрамовтың жасағын оңға қарай, қала қабырғасының бойымен Қойлықтағы жасақпен қосылу үшін жіберді. Краевский басқарған бұл жасақ Ташкенттің оңтүстік-шығысындағы Қоқан қақпаларының тұсында тұрған еді. Абрамовтың жасағы барбетке бекінген 200 сарбаздың жанқиярлық қарсылығына тап болды. Қарсыласқа жасалған шешуші шабуыл нәтижесінде қоқандықтар талқандалып, түгелдей жойылды. Зеңбіректерінің көздері шегеленіп, орға лақтырылды. Осыдан кейін Абрамов ілгері қарай қозғала берді. Бірінші барбеттен кейін дәл сондай екінші барбет те сүңгімен шабуылдау арқылы алынды. Оның да зеңбіректері қолға түсті. Артынша үшінші барбет шайқаспен басып алынды. Бұдан кейінгі барбеттердің қорғаушылары қала ішіне жасырынып, оларды тастап кетті. Абрамов жасағы Қоқан қақпаларына жеткенше ілгері жылжи берді. Осы кезде арт жақтан «ура!» деген айғай естілді. Мұны естіген гарнизон сарбаздары қала ішіне қарай қашты. Осылайша, Абрамов жасағы еш қарсылықсыз Қойлықтағы жасақпен қосылды. Абрамов оған қосылған жасақтың қабырғаға шаншылған найзалар мен мылтықтардың көмегімен көтерілген жаяу әскерін өз қарамағына алып, әрі қарай қозғалды. Ал полковник Краевский казактарымен және төрт атты зеңбірекпен қала ішінен қашып шыққан қарсыластың жолын кесу үшін Қашғар қақпасына қарай бет алды.