Жызақты басып алу — 1866 жылы Орталық Азияны жаулап алу жорықтары барысында генерал Крыжановский басқарған орыс әскерінің Бұхараға қарасты Жызақ бекінісін басып алуы. Бекіністің алынуы Ресей әскерінің 1866 жылы жүргізген әскери жорығындағы шешуші жеңістерінің біріне айналды.

Алғышарты 1866 жылғы көктемгі әскери науқан барысында Ресей әскері алдымен 8 мамырда Ыржар түбінде Бұхара әмірінің негізгі әскерін талқандады. Осы жеңістен кейін орыс әскері Бұхараға қарай бірден жылжудың орнына Сырдария бойындағы әскери қимылдарды жалғастырып, мамыр айында Қоқан хандығына қарасты Хожант бекінісін басып алды.

Бұхара әмірі Ресеймен қарулы күресті одан әрі жалғастырудың қиын екенін түсініп, сырттай мойынсұнатындығын білдіргенімен, іс жүзінде әскерін қайта қаруландырып, 1866 жылы жаз бойы Ресейге қатысты жаулық ұстанымынан танбады. Әмірдің бұл әрекеттері Ресей билігінің бірнеше рет ескерту жасауына себеп болды. Алайда ескертулер нәтижесіз қалған соң, генерал Романовскийдің бастамасымен және оның жоспары бойынша Ресей әскері күзде Орталық Азияның ішкі аймақтарына қарай жорықты жалғастыру туралы шешім қабылдады. Бұл жолғы мақсат Ресейдің сол кездегі иеліктері мен Бұхара-Қоқан иеліктерінің арасындағы аумақты Ресей құрамына қосу еді. Аталған өңір Бұхара әмірінің Ресей иеліктеріне қарай орналасқан соңғы қорғаныс шебі саналды. Оның негізгі тіректері Сырдария аңғарындағы екі бекініс — Үрейтөбе мен Жызақ болды. 2 қазанда орыс әскері қанды шабуыл нәтижесінде Үрейтөбе бекінісін басып алды. Осыдан кейін 1866 жылдың күзіне қарай Бұхара әмірінің Сырдария аңғарындағы қолында қалған жалғыз маңызды тірек пункті Жызақ болды. Ендігі әскери қимылдардың негізгі мақсаты осы бекіністі басып алу едіАНДРЕЕВСКИЙ Е. К. ИЗ ЗАПИСОК ЗА СОРОК СЕМЬ ЛЕТ «Исторический Вестник», т. СХХХ, стр. 37. ).

Шабуыл Жызақ бекінісі берік нығайтылып, қуатты қару-жарақпен қамтамасыз етілген еді. Сондықтан ол өңірдегі ең мықты бекіністердің бірі саналды. Жаздың соңында Бұхара әмірі Жызақ бегіне таңдаулы 10 мың әскерден және ірі калибрлі 53 зеңбіректен тұратын қосымша күш жіберді. Осылайша бекініс гарнизоны алдағы шайқасқа тыңғылықты дайындалып, жауға қатаң қарсылық көрсетуге қамданды.

6 қазанда Үрейтөбеден Жызаққа баратын жолдың жарты шамасында орналасқан шағын Заамин бекінісіне қарай орыс әскерінің бір әскери сапы жіберілді. Бұхара әскері қарсылық көрсетпестен қашып, бекініс ұрыссыз басып алынды. 10 қазанда орыс әскерінің қалған бөлімдері Жызаққа жақындады. 12 қазанда 16,5 рота жаяу әскерден, бес жүздік казак жасағынан және 20 зеңбіректен тұратын орыс әскері бекініске келіп жетті. 13 қазанда генерал Романовский бекініс маңында барлау жүргізді. Осыдан кейін қоршау жұмыстары басталды. 14 қазанда Джалан-Уты шатқалында орналасқан күзет жасағына қарсы 2,5–3 мыңдық Бұхара атты әскері қозғалды. Шатқалға жіберілген екі атқыштар ротасы мен казак жасағы шабуылға шыққан атты әскерді талқандап, кейін шегінуге мәжбүр етті. Осы уақытта Бұхаралықтар бекіністен де ірі жасақ шығарып, бекініс қабырғаларының алдындағы саклилерді басып тұрған үш ротаға қарсы шабуыл жасады. Алайда бұл шабуыл да тойтарылды. Осы кезде Бұхара әмірінің Самарқаннан Жызаққа қарай қомақты қосымша күш жібергені анықталды. Соған байланысты орыс әскері әскери қимылды жеделдетіп, бекіністі тікелей шабуыл арқылы басып алуға шешім қабылдады. 15 қазанда Үрейтөбе және Самарқан қақпаларына қарсы орналастырылған екі артиллериялық батареяны қаруландыру басталды. Оларға барлығы 10 зеңбірек пен 4 мортира қойылды. Сол күні бекініс гарнизоны екі рет сыртқа шығып, шабуыл жасауға әрекеттенгенімен, екі әрекеті де нәтижесіз аяқталды. 16 қазан күні таңертең артиллериялық батареялар бекіністі атқылай бастады. 17–18 қазанда орыс әскері Жызақ бекінісін зеңбірек оғымен үздіксіз атқылап, оны шабуылмен басып алуға дайындықты жалғастырдыЗайцев В. Н. История 4-го Туркестанского линейного батальона, с картой, за период с 1771 по 1882 год, как материал к описанию движения русских в Среднюю Азию. — СПб., 1882. — 283 с..

18 қазанда сағат 12-де Жызақ бекінісіне жасалатын шешуші шабуыл басталды. Шабуыл таңсәріде болады деп күткен бұхаралықтар оның кейінге қалдырылғанына сеніп, келесі күнге дайындала бастаған еді. Сондықтан орыс әскерінің шабуылы олар үшін күтпеген жерден басталды. Капитан Михайловский мен подполковник Григорьев басқарған әскери саптар — барлығы 8 рота жаяу әскер, 10 зеңбірек және 4 мортира — шабуылға шықты. Күтпеген шабуылға тап болған бұхаралықтар дер кезінде оқ жаудырып үлгермей, қорғаныс бөгеттерін қорғауға ұмтылды. Алайда мұндай қарсылық ұзаққа созылмады. Орыс әскерінің жігерлі «ура» ұраны көп ұзамай бекініс қорғаушыларын кейін шегінуге мәжбүр етті. Артынша олардың шегінуі ретсіз әрі жанталасқан қашуға ұласып, жарты сағатқа жетпей бүкіл гарнизон толық талқандалды. Шабуылдаушы әскерлер бекініс қабырғасындағы ойықты басып алғаннан кейін бірнеше әскери сапқа бөлінді. Олардың бір бөлігі бекініс қабырғаларын бойлай қозғалып, екінші бөлігі цитадельге қарай бет алды. Алдыңғы саптардың соңынан қосалқы күштердің бөлімдері де бекініс ішіне кірді. Бұхара әскерінің қалған бөлігі жаппай қашуға көшті. Ұрыста шамамен 6 мың адамынан айырылды. Бекіністен 16 ту, 12 мыс және 41 шойын зеңбірек қолға түсті. Жызақтағы 18 бектің 16-сы қаза тапты, олардың 12-сі қоян-қолтық ұрыста мерт болды.

Күндізгі сағат төртке қарай негізгі қосалқы күшпен генерал Крыжановский де бекініске кірді. Осылайша жеңіс толық аяқталды. Жызақтан шамамен бес шақырым жерде Бұхара әмірі жаңадан жіберген 2500 адамнан және 18 зеңбіректен тұратын жаңа әскери сап пайда болды. Алайда өздеріне қарай бағытталған артиллериялық атысты көріп, Жызақтың тағдырын білген олар кейін шегініп, соңдарынан қуған қосалқы күштердің қысымынан бытырай қашып кетті.

Орыс әскері 3 мыңнан астам тұтқын алып, көптеген ту, мылтық, найза және тапаншаны қолға түсірді.

Салдары thumb|left|250px|Жызақты алғаны үшін берілген Георгий орденінің иегерлері Генерал Романовскийдің 1866 жылғы әскери жорығы Ресей әскерінің Орталық Азиядағы әскери қимылдарының маңызды кезеңдерінің бірі болды. 8 мамырда ол Ыржар түбінде Бұхара әскерін талқандады, 24 мамырда Хожантты басып алды, 20 шілдеде Үрейтөбені шабуылмен алды, ал 18 қазанда Жызақты күтпеген шабуыл нәтижесінде басып алды. Осы үш ірі шабуыл барысында орыс әскері 500 адамынан айырылып, Бұхара және басқа да жергілікті күштер қатарынан шамамен 12 мың адам қаза тапты деген дерек бар. Ыржар түбіндегі шайқаста 1000 Бұхаралық қаза тауып, 6 зеңбірек қолға түсті. Хожантқа жасалған шабуылда 3500 адам қаза тапты. Ресей әскерінің шығыны 137 адам болды. Үрейтөбе үшін болған шайқаста 2000 адам қаза тауып, 4 ту мен 32 зеңбірек қолға түсті. Бұл ұрыста Ресей әскері 227 адамынан айырылды. Ал Жызақтағы шайқаста 11 мың Бұхаралықтың 6000-ы қаза тапты, ал 2000 орыс әскерінің ішінен 98 адам шығынға ұшырады. Орыс әскері 11 ту мен 43 зеңбіректі қолға түсірдіКерсновский А. А. История Русской армии Т. 2. — М.: Голос, 1993.—336 с., ил. — ISBN 5-7117-0058-8; ISBN 5-7117-0059-6. — 100 000 экз..

Жызақтан айырылған Бұхара әскері Самарқанға қарай шегініп, бейбітшілік туралы келіссөздер бастауға ұмтылды. Алайда келіссөздер нәтиже бермей, 1867 жылдың бүкіл кезеңі дипломатиялық талқылаулармен өтті. Бұхара тарапы келіссөздерді соза отырып, осы уақыт ішінде жаңа әскер жинап, әскери күшін толықтыруға тырысты. Жызақты алғаны үшін генерал Крыжановский 1866 жылғы 26 қарашада III дәрежелі Әулие Георгий орденімен марапатталды. Орденнің нөмірі — 511. 1866 жылы Бұхаралықтарға қарсы әскери қимылдар барысында танытқан ерекше іскерлігі мен батылдығы үшін

Әдебиет Зайцев В. Н. История 4-го Туркестанского линейного батальона, с картой, за период с 1771 по 1882 год, как материал к описанию движения русских в Среднюю Азию . 1882. 283 с. Зиновьев М. А. Осада Ура-Тюбе и Джизага. Воспоминания об осенней экспедиции 1866 года в Туркестанской области // Русский вестник. Т. 74-75, 1868, № 3, 4, 5, 6 Трактат Ахмада Дониша «История мангытской династии». Перевод, предисловие и примечания И. А. Наджафовой. Душанбе,1967. Терентьев М. А. История завоевания Средней Азии. Т. 1-3. СПб., 1903 Серебрянников А. Г. Сборник материалов для истории завоевания Туркестанского края. — Ташкент, 1908, Т. 17,с.201-202. Гребнер А. Осады и штурмы среднеазиатских крепостей и населённых пунктов // Инженерный журнал. — СПб, 1897.- № 1-2. — С. 8.

Дереккөздер

Санат:Бұхара-Ресей соғысы Санат:Өзбекстандағы ұрыстар Санат:Орталық Азиядағы ұрыстар Санат:Ресей империясының Орта Азиялық иеліктері