Эльдар Сейдахметұлы Толғанбаев (29 сәуір 1981, Алматы облысы)Толганбаев Эльдар Сейдахметович (персональная справка) — қазақстандық саясаткер, 2026 жылдан бастап Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі.

Өмірбаяны Эльдар Толғанбаев 1981 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Ол Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін және Д.А. Қонаев атындағы университетті бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы болып бастады.

2005–2006 жылдары — Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы.

2006–2008 жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.

2008–2012 жылдары Премьер-министр кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығында бас консультант және жедел ақпарат секторының меңгерушісі болды.

2012–2016 жылдары Президент жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директорының орынбасары қызметін атқарды.

2016–2019 жылдары — Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннің кеңесшісі.

2019 жылы жеке құрылымда жұмыс істеді.

2019–2020 жылдары — «Алматы даму орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2020–2022 жылдары — «Almaty» телерадиокомпаниясы» АҚ бас директорының бірінші орынбасары.

2022–2023 жылдары – Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

2023 жылы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды.

2023–2024 жылдары — Президент әкімшілігі коммуникациялар бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2024–2026 жылдары Үкімет аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.Эльдар Толғанбаев Қазақстан президентінің көмекшісі болып тағайындалды

2026 жылғы 8 қыркүйектен бастап — Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі.Э.С. Толғанбаевты тағайындау туралы

Дереккөздер

Санат:Шәкәрім университеті түлектері Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері