Hot Mainstream Rock Tracks — АҚШ-тың рок-радиостанцияларында ең көп ойналатын әндердің хит-парады. Оны американдық Billboard журналы жариялайды. Сондай-ақ альтернативті рок композициялары енетін Alternative Songs чарты бар.
Бұл хит-парадты журнал алғаш рет 1981 жылы 21 наурызда Top Tracks деген атаумен жариялады, 1984 жылдың қыркүйегінен бастап ол Top Rock Tracks, 1986 жылдың сәуірінен бастап — Album Rock Tracks деп аталды, ал 1996 жылдан бастап чарт өз атауын қазіргі Mainstream Rock Tracks болып өзгертті. Альтернативті рок бойынша деректермен және сатылымның барлық форматтарымен (физикалық тасымалдаушылар, интернет, бейне) бірге олардың барлығы қосылып, біріккен Rock Songs рок-чартын құрайды.
Хит-парадты басқарған алғашқы ән Эрик Клэптонның «I Can’t Stand It» синглі болды. Чарт рекорды (бірінші орында 21 апта) 2000 жылы 3 Doors Down тобының «Loser» әнімен орнатылды. Бірінші орындағы хиттер саны бойынша Van Halen (13) тобы көш бастап тұр.
Рекордтары
Бірінші орында ең көп апта болу 21 апта «Loser» — 3 Doors Down (2000-01) 20 апта «It's Been Awhile» — Staind (2001) 17 апта «Higher» — Creed (1999—2000) «When I’m Gone» — 3 Doors Down (2002-03) 16 апта «Touch, Peel and Stand» — Days of the New (1997) 15 апта «Interstate Love Song» — Stone Temple Pilots (1994) «Heavy» — Collective Soul (1999) 14 апта «So Far Away» — Staind (2003) «Boulevard of Broken Dreams» — Green Day (2005) «Fake It» — Seether (2007-08) «Inside the Fire» — Disturbed (2008) 13 апта «Start Me Up» — The Rolling Stones (1981) «How You Remind Me» — Nickelback (2001) «Figured You Out» — Nickelback (2004) «Pain» — Three Days Grace (2006-07) 12 апта «Mysterious Ways» — U2 (1991-92) «Like a Stone» — Audioslave (2003) «Save Me» — Shinedown (2005-06) «Dani California» — Red Hot Chili Peppers (2006) 11 апта «Remedy» — The Black Crowes (1992) «Turn The Page» — Metallica (1999) «Fall to Pieces» — Velvet Revolver (2004) «Break» — Three Days Grace (2009-10) 10 апта «Lightning Crashes» — Live (1995) «Scar Tissue» — Red Hot Chili Peppers (1999) «Blurry» — Puddle of Mudd (2002) "Second Chance» — Shinedown (2008-09)
Бір орындаушының чартқа енген ең көп композиция саны Shinedown (13) Van Halen (13) Том Петти (10) Aerosmith (9)
Сондай-ақ қараңыз Mainstream Rock Tracks чартындағы №1 хиттердің тізімі
Дереккөздер
Санат:АҚШ музыкалық чарттары Санат:Billboard чарттары Санат:Рок-чарттар