Ғази би — Ноғай Ордасының биі, Алтын Орданың беглербегі. Әйгілі Едіге бидің ұлы, Мансұр бидің інісі және Наурыз бидің туған бауыры.Почекаев Р. Ю. Цари ордынские. Биографии ханов и правителей Золотой Орды. — СПб.: Евразия, 2010. — 408 с. Әкесі Едіге қаза тапқаннан кейін Алтын Орда аумағында басталған билік үшін шиеленісті саяси күрестің белсенді қатысушысы болды.

Өмірбаяны Ғази би бауырларымен бірге тақ үшін күресте алдымен Қажы-Мұхаммедті, кейіннен Барақ ханды қолдады. Алайда, 1427 жылы Барақ хан оның үлкен бауыры Мансұр әмірді өлім жазасына кесті. Көп ұзамай Барақ хан Ұлық Мұхаммедтен жеңіліс тапқан соң, Ғази би бауыры Наурызбен бірге оның соңына түсті. Олар Барақты Моғолстан аумағында қуып жетіп, бауыры Мансұрдың кегін алу үшін оны өлтірді.

Осыдан кейін ол Наурызбен бірге Кіші Мұхаммед ханды қолдап, оның Ұлық Мұхаммедке қарсы күресіне жәрдемдесті. Кіші Мұхаммедтің тұсында Ғази би Алтын Орданың беглербегі лауазымын атқарды. Бірақ уақыт өте келе ағайындылар мен Кіші Мұхаммед хан арасында келіспеушілік туындап, олардың жолдары екіге айырылды. Ғази би Шығыс Дешті Қыпшақтың билеушісі, шибанилық Жұмадық ханмен одақтасып, оның сарайында беглербег болды. Алайда, оның мемлекеттегі ықпалының тез өсуі мен табысты мансабын көре алмаған ханның жақын айналасындағы адамдар көп ұзамай Ғази биді қастандықпен өлтірді.

Әдебиет Почекаев Р. Ю. Цари ордынские. Биографии ханов и правителей Золотой Орды. — СПб.: Евразия, 2010. — 408 с. — ISBN 978-5-91852-010-9.

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар:Алтын Орда