thumb|LC Authorities (экран түсірімі) Конгресс кітапханасының бақылау нөмірі (, LCCN, бастапқыда — Library of Congress Catalog Card Number; рұқсат етілгені — Library of Congress) — АҚШ Конгресс кітапханасының бақылау нөмірі, АҚШ Конгресс кітапханасындағы жазбаларды каталогтаудың сандық (басылымдар үшін) немесе әріптік-цифрлық (тұлғалар мен тақырыптар үшін) сериялық жүйесі, дерекқор идентификаторы және Америка ұлттық библиографиясындағы жазбаның индикаторы.

Қолдану тарихы Кітапханадағы бақылау библиографиялық нөмірлеу жүйесі 1898 жылдан бастап енгізілді. Бастапқыда LCCN аббревиатурасы АҚШ Конгресс кітапханасындағы каталоктік карточка нөмірін білдірді. Қазіргі уақытта бұл термин басқа кодтармен қатар, Конгресс кітапханасының картотекасындағы арнайы код ретінде қолданылады.

Бақылау нөмірі әрбір жеке басылым үшін бірегей болып табылады. Оны әлем кітапханалары жарық көрген барлық американдық кітаптарды каталогтау үшін пайдаланады. Бақылау нөмірі басылым жылын білдіретін екі таңбалы (1898–2000 жылдар үшін) немесе төрт таңбалы (2001 жылдан бастап) саннан және алты таңбалы бірегей цифрлық идентификатордан (кейде дефиспен бөлінеді) тұратын пішімде жазылады. Идентификатордың басындағы нөлдер жазылмай қалдырылуы мүмкін. 1898, 1899, 1900, 1998, 1999, 2000 жылғы басылымдардың нөмірлері тек ұзындығы бойынша ғана ерекшеленеді (ескі нөмірлер қысқарақ болып келеді).

Дүниежүзіндегі кітапханашылар бұл идентификаторды АҚШ-та жарияланған кітаптардың басым бөлігін каталогтау кезінде пайдаланады. Бұл оларды интернетте және басқа да медиаплатформаларда қолжетімді етуге көмектеседі.

Библиокодификация жүйесіндегі LCCN Қысқарту Қолдану аясы Параметр атауы Ескертпелер GND Тұлғалар, корпорациялар, субъектілер Gemeinsame Normdatei Германия ұлттық кітапханасы (DNB) және басқа да еуропалық кітапханалар LCCN Тұлғалар Конгресс кітапханасының бақылау нөмірі Қазіргі уақытта Викимедиа жобаларында тек тұлғалар үшін ғана қолданылады RSL Тұлғалар Ресей мемлекеттік кітапханасының (РМК) деректері VIAF Тұлғалар Virtual International Authority File Online Computer Library Center (OCLC) ұсынған халықаралық деректер

Сыртқы сілтемелер Structure of the LC Control Number (ағыл.)

Санат:АҚШ-тағы дерекқорлар Санат:Жіктеуіштер Санат:Кітапхана каталогтары мен жіктеуіштері Санат:Нормативтік бақылау Санат:Конгресс кітапханасы Санат:1898 жылы пайда болғандар