Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының төрағасы — БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясына төрағалық ететін тұлға. Төрағаны Бас Ассамблея мүше мемлекеттері жыл сайын сайлайды.

Бұл лауазым Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Жарғысының 21-бабында қарастырылған. Онда Бас Ассамблеяның әрбір сессияға төраға сайлайтыны көрсетілген. Ал төрағаның қызметтері Бас Ассамблеяның жұмыс тәртібі ережелерінің 30–37-ережелерінде белгіленген. Төрағалық жыл сайын БҰҰ-ның бес өңірлік тобы арасында кезекпен ауысып отырады. Төраға бір жылдық мерзімге сайланады: оның өкілеттік мерзімі қыркүйек айында кезекті сессияның ашылуынан басталып, келесі кезекті сессияның ашылуына дейін жалғасады.

Төраға пленарлық отырыстарға төрағалық етеді, тәртіп мәселелері бойынша шешім қабылдайды, Бас комитетке төрағалық етеді және Бас Ассамблеяның басқа да негізгі органдармен қарым-қатынасында оның атынан өкілдік етеді. Алайда оның дауыс беру құқығы жоқ және мүше мемлекеттер үшін міндетті шешімдер қабылдауға өкілеттігі берілмеген. Сондықтан бұл лауазымға тән ықпалдың едәуір бөлігі ресми емес сипатта болады. Төраға БҰҰ-ның қызметкері болып саналмайды және ұйымнан жалақы алмайды. Бұл лауазымға байланысты шығындар БҰҰ-ның тұрақты бюджеті және ерікті жарналар есебінен құрылған арнайы қор арқылы өтеледі. Төрағаның салақысын көбіне оның мемлекеті төлеп тұрады.

БҰҰ Бас ассамблеясының тұңғыш төрағасы — бельгиялық Поль-Анри Спаак. Лауазымның қазіргі иегері — бангладештік Халилур Рахман.

Тағы қараңыз БҰҰ Бас Ассамблеясының сексен бірінші сессиясы — Халилур Рахман төрағалық ететін БҰҰ Бас Ассамблеясының қазіргі сессиясы

Дереккөздер

Санат:Тізімдер:БҰҰ