100px|link=Sony Music Entertainment
180px|link=Universal Music Group
150px|link=Warner Music Group
Музыкалық лейблдердің «үлкен үштігі»
Мэйджор-лейбл () — музыка индустриясында нарықты басқаратын және көшбасшы болып саналатын «ірі» дыбыс жазу лейблдарының тобына кіретін компания. Ал мэйджор-лейблдарға қатысы жоқ, дербес жұмыс істейтін жазба студиялары инди-лейблдар () деп аталады.
Ірі дыбыс жазу лейблдері жиі «музыкалық топ» (music group) деп аталатын корпоративтік бас ұйымның бақылауында болады. Музыкалық топ әдетте музыкалық емес салаларда да бөлімшелері бар халықаралық «холдингілік компания» конгломератына бағынады. Музыкалық топ музыкалық баспа компанияларын, дыбыс жазу өндірушілерін, лейблдерді таратушыларды (дистрибьюторларды) және лейблдердің өздерін бақылайды әрі олардан тұрады.
Дыбыс жазу компаниялары (өндірушілер, дистрибьюторлар және лейблдер) өз кезегінде музыкалық топтың бақылауында болатын «дыбыс жазу тобын» (record group) құрауы мүмкін. Музыкалық немесе дыбыс жазу тобына кіретін құрамдас компаниялар кейде сол топтың «бөлімшелері» ретінде де нарыққа шығарылады.
Үлкен үштік Әлемдік музыка нарығында үш негізгі дыбыс жазу лейблі үстемдік етеді. Бұл үш компания 2019 жылғы жағдай бойынша әлемдік музыка нарығының 70%-дан астамын және АҚШ пен Канаданың музыка нарығының шамамен 90%-ын бақылайды, осылайша музыка нарығын олигополияның мысалына айналдырады: Атауы Әлемдік нарықтағы үлесі (2023 жылғы жағдай бойынша) Меншік иелері (2023 жылғы жағдай бойынша)Sony Music Entertainment31,9 % Sony Entertainment (100 %)Universal Music Group22,1 % Tencent (20 %) Bolloré (18 %) Vivendi (10 %) Pershing Square Holdings (10 %)Басқалар (42 %)Warner Music Group16 % Access Industries (86,3 %) Tencent (1,6 %)Басқалар (12,1 %)Басқа компаниялар30 % —
2012 жылға дейін жетекші лейблдер тізімінде EMI Group (Ұлыбритания) компаниясы да болған. 2011 жылы EMI-дің дыбыс жазу секторын бұрыннан Universal Music Group иелік ететін Vivendi концерні сатып алды, ал баспа қуаттылықтарын Sony корпорациясы иеленді. Осылайша, «Үлкен төрттік» «Үлкен үштікке» айналды.
Тарихы Онжылдықтар бойы әртүрлі дыбыс жазу лейблдерінің бірігу процесі жүрді. 1929 жылдан 1998 жылға дейін «Үлкен алтылық» (Big Six) ретінде белгілі алты ірі лейбл болды:
Warner Music Group EMI Sony Music (1991 жылдың қаңтарына дейін CBS Records ретінде белгілі) BMG (1985 жылы RCA/Ariola International ретінде құрылған) Universal Music Group (1996 жылға дейін MCA Music ретінде белгілі) PolyGram
1999 жылы PolyGram компаниясы Universal Music Group (UMG) құрамына біріктіріліп, соның нәтижесінде қалған дыбыс жазу лейблдері «Үлкен бестік» (Big Five) атауымен белгілі болды.
2004 жылы Sony мен BMG бірлескен кәсіпорын құру туралы келісіп, өздерінің дыбыс жазу бөлімшелерін біріктірді. Нәтижесінде Sony BMG лейблі құрылды (ол 2008 жылғы қайта бірігуден кейін Sony Music Entertainment болып өзгертілді). Ал BMG музыкалық-баспа бөлімшесін Sony BMG-ден бөлек сақтап қалды және кейін BMG Music Publishing компаниясын UMG-ге сатты. 2007 жылы сол кезде «Үлкен төрттік» (Big Four) ретінде белгілі болған қалған дыбыс жазу лейблдері әлемдік музыка нарығының шамамен 70%-ын және АҚШ музыка нарығының шамамен 80%-ын бақылады.
2012 жылы EMI негізгі бөлімшелерін оның иесі Citigroup жеке-жеке сатты: EMI музыка жазу бөлімшесінің үлкен бөлігін UMG жұтып қойды; EMI Music Publishing компаниясын Sony/ATV Music Publishing сатып алды; соңында EMI Parlophone және Virgin Classics лейблдерін 2013 жылдың шілдесінде Warner Music Group (WMG) сатып алдыJoshua R. Wueller, Mergers of Majors: Applying the Failing Firm Doctrine in the Recorded Music Industry, 7 Brook. J. Corp. Fin. & Com. L. 589, 601–04 (2013).. Осылайша, лейблдердің «Үлкен үштігі» (Big Three) деп аталатындар ғана қалды. Нарықтың қалған бөлігі (әр жылдары 10%-дан 30%-ға дейін) тәуелсіз музыкалық лейблдерге (инди-лейбл) тиесілі.
Дереккөздер
Санат:Дыбысжазба лейблі Санат:Музыкалық индустрия