Абылай-Керей сұлтан, кейде Абылай-Керей хан (башқ. Аблайгәрәй, орыс. Абла царевич, Обла царевич, Аблагирим, Аблагирей, туған жылы белгісіз - 1649 жыл, Орыс патшалығы) - 1629-1631 жылдардағы сібір ханы, Есім сұлтанның ұлы, түмен және сібір ханы Көшімнің немересі.
Өмірбаяны
Абылай-Керейдің нақты туған уақыты мен орны белгісіз. Әкесі Есім сұлтанның өлімінен кейін анасы үш ұлымен (Абылай-Керей, Тәуке және Ислам) ағасы хошоуыт тайшысы Чокурдың ұлысына көшкен. 1620-шы жылдардың аяғынан бастап інілерімен бірге саяси өмірге белсене араласа бастады. Үйленген соң ордасын Түменнен 3 апталық жол қашықтықта орналастырды. Батылдылығының, жаулап алушылармен жүргізген күресінің нәтижесінде Абылайдың айналасында біршама топтар жинала бастады. Сонымен қатар ол аймақтағы саяи және әскери үстемдікке ие ойраттарға арқа сүйеген. 1628 жылы алым-салықтың ауыртпалығы таралық, томбылық татарлардың көтерілісіне алып келді. Татарлардың кқшбасшылары Абылаймен, Дәулет-Кереймен және Тәукемен келіссөздер жүргізе бастаған. 1629 жылдың басында Чана өзенінің бойында жиналған 400 таралық татарлар Абылайды да шақырған. Бірлескен іс-қимылдар туралы келісім жасалды. Кейбір тарихшылардың пікірінше бұл жиналыста Абылай-Керей хан атағын иеленді. 1629 жылдың жазына қарай ол өз ордасына қайтты. Абылайдың чат мырзасы Тарлаумен одағы құрылды. 1629 жылдың қарашасында татарлардан, барабалықтардан, ойраттардан тұратын жасақты бастаған Абылай-Керей Чат қалашығын 3 күнге қоршауға алды. Алайда бұл жорық сәтсіз аяқталды. 1634 жылы Абылай Дәулет-Керей сұлтанмен бірігіп Түменді шабуылдаған. Сол жылдың күзінде Тараны қоршауға алған қалмақтармен бірге болды. 1635 жылдың маусымында інісі Тәуке сұлтанмен бірге Уфаны шабуылдаған. Қаладан 18 шақырым жерде орын алған шайқаста екі жақ үлкен шығынға ұшырады. Сұлтандар 10 күн ішінде орманда қорғанғанымен Фёдор Коловскийдің тұтқынына түскен. Абылай-Кереймен бірге тұтқындалған 54 қалмақ Уфаға жеткізілді. Беделді хошоуыт тайшысы Туру-Байху Гуши Көшім ханның немерелерін босатуды талап етті. Алайда оның талаптары орындалмады. Кейін Абылай-Керей Белоозеро , ал Тәуке Каргопольге (қазіргі Архангельск облысы) жер аударылды. 1645 жылы шоқынып, Василий Ишимович есімін алды. 1650 жылы Сібірдегі туыстарына оның өлімі туралы хабарланды.
Әдебиет
Трепавлов В.В. Сибирский юрт после Ермака: Кучум и Кучумовичи в борьбе за реванш. М.: Восточная литература, 2012. 231 с. Устюгов Н.В. Башкирское восстание 1662-1664 гг. // Исторические записки. Т. 24. М.: Изд-во АН СССР, 1947. С. 30-110. Трепавлов В.В, Беляков А.В. Сибирские царевичи в истории России. — Научное издание. — СПб.: «Издательство Олега Абышко», 2018, стр. 109 Волков Д.С. «Материалы к истории г. Уфы», том 1, гл. II (основание Уфы), его же дополнения к первому тому, гл. 2. Ница А. «Предание о нападении на Уфу сибирских царевичей Аблая и Тевкеля». Вестник Оренбургского учебного округа за 1912 год, № 5, научный отдел. Худяков Ю.С. Борьба за восстановление Сибирского ханства в XVII веке // История, экономика и культура средневековых тюрко-татарских государств Западной Сибири: Материалы Международной конференции (Курган, 21-22 апреля 2011 г.). Курган: Изд-во Курганского гос. ун-та, 2011. С. 104-108. Пестерев В.В. Кучумовичи и их борьба за восстановление Сибирского ханства // Тюменское и Сибирское ханства / Под ред. Д.Н. Маслюженко, А.Г. Ситдикова, Р.Р. Хайрутдинова. -Казань: Изд-во Казан. ун-та, 2018. -560 с. С. 271-298.
Санат:Сібір хандығы Санат:Сібір тарихы