«Bring Me to Life» () — Evanescence тобының Fallen дебюттік альбомының алғашқы синглі. 46-шы «Грэмми» марапаттау рәсімінде ән «Хард-рок стиліндегі үздік орындау» номинациясы бойынша жүлдеге ие болды.

Сингл шыққан кезге қарай Fallen альбомының трек-парағы әлі толық аяқталмаған еді, алайда кейбір әндер көпшілікке мәлім болатын. Мысалы, қорытындысында альбомнан алынып тасталған «Farther Away» әні. «Bliss mix» нұсқасы — ер адамның вокалынсыз жазылған түпнұсқа нұсқа болып табылады. Сингл 2,5 миллион дана тиражбен тарады.

Әнді Need for Speed ойындар сериясы және F.E.A.R. ойынының трейлері сияқты компьютерлік ойындардан кездестіруге болатын еді.

2022 жылдың 2 ақпанында бейнебаян YouTube видеохостингінде 1 миллиардтан астам қаралым жинады.

Ән туралы Бұл әнді жазуға Эми Лидің мейрамханада басынан өткерген бір оқиғасы шабыт берді.

Сұхбаттарының бірінде Эми шабыт көзі ретінде өзінің көптен бергі досы (қазіргі күйеуі) Джош Харцлерді атады. Fallen альбомының алғашқы синглі. Daredevil фильмінің саундтрегі. 2003 жылдың 13 маусымында АҚШ-та №1 поп-әнге айналды және бір аптадан кейін шыңнан Келли Кларксонның «Miss Independent» әнімен ығыстырылды.

Ән 12 Stones тобының көшбасшысы Пол Маккойдың қатысуымен жазылды. Бастапқыда әнде ер адамның вокалы болмайды деп жоспарланған еді, бірақ Wind-up лейблі фильмнің саундтрегі үшін оны қосқан дұрыс болады деп шешті. Кейін бұл нұсқаны сол қалпында қалдыруға ұйғарды. Журналдардың біріне берген сұхбатында Linkin Park тобынан Честер Беннингтон бастапқыда ерлер вокалына Майк Шиноданы алғысы келгенін айтты, өйткені Linkin Park дәл осы уақытта көрші студияда өздерінің Meteora альбомын жазып жатқан болатын. Алайда Wind-up өкіліне өздерінің қамқорлығындағы 12 Stones тобының мүшесі көбірек ұнады.

Музыкалық бейнебаяны Әнге арналған бейнебаянды 2003 жылдың қаңтарында режиссер Филип Штёльцль түсірді.

Клиптің басында көрерменге әртүрлі ғимараттар көрсетіледі, содан кейін камера зәулім ғимараттардың бірінің терезесіне еніп, топтың ұйықтап жатқан солисі Эми Лиді көрсетеді, ол түсінде зәулім ғимараттан құлап, төмен қарай ұшып бара жатады. Әрі қарай топ мүшелері мен Пол Маккой отырған параллель бөлме көрсетіледі. Эми Ли қауіпсіздік үшін ернеудің бойымен жүріп, топқа жетуге тырысады. Топқа жеткен кезде Ли терезеге сүйенеді, оны Маккой байқап қалады да, терезені ашқан кезде абайсызда Эми Лиді құлатып алады. Маккой Лиді ұстап қалуға тырысады, бірақ қолы тайып кетіп, Эми төмен қарай құлайды. Соңғы көріністе Эми Ли ұйықтап жатқан бөлме көрсетіледі және көрермен клипте болған оқиғаның бәрі тек Эми Лидің түсі екенін түсінеді.

Бен режиссердің кейбір ой-қорытындыларын бәрібір түсіне алмады. Эми Пол Маккойдың терезесінің алдында ән айтып тұрғанда күлкісін әрең тыйып тұрды, ал құлауы керек болған сәтте Том оған жолың болсын дегендей келемеждеп бет-әлпетін қисық-қыңыр етіп көрсетті. Бейнебаянды түсіру үшін Эмиге шынымен де жерден жоғары тростарға байланған күйде ілініп тұруға тура келді. Бәрі Эмидің ұзақ құлап бара жатқанындай көрінуі үшін қатты жел ағынын тудыратын агрегат оған қарай жел үрлеп тұрды. Түсірілім арасындағы үзілістерде топ мүшелері қар лақтырысып ойнады.

Маңызы 2023 жылдың наурызында американдық Rolling Stone басылымының авторлар тобы осы альбомның басты әнін барлық уақыттағы 100 ұлы хеви-метал әні тізіміне енгізді. Бұл рейтингте ол 43-орынға ие болды, ол туралы жазбаны Бриттани Спанос құрастырды.

Композициялар тізімі Барлық тректерді Эми Ли мен Дэвид Ходжес жазған. Сингл Бен Мудидің қатысуымен жасалған.

CD (Аустралия) (2003 жылдың 22 сәуірінде шығарылды)

CD (Қалған елдер) (2003 жылдың 20 мамырында шығарылды)

Чарттары

Апталық чарттар Чарты (2003) ЖоғарыпозициясыCanada (Nielsen SoundScan) 3Canada CHR (Nielsen BDS)1Chile (Notimex) 1Colombia (ASINCOL) 1Croatia (HRT) 6Europe (Eurochart Hot 100)1Greece (IFPI Greece) 3 Poland (Polish Airplay Charts) 4 Romania (Romanian Top 100) 11

Чарты (2021—2025) Жоғарыпозициясы Canada Digital Songs (Billboard) 1scope="row" scope="row"

Жылдық чарттар Чарты (2003) ПозициясыAustralia (ARIA)6Australian Rock (ARIA)1Austria (Ö3 Austria Top 40)22Belgium (Ultratop 50 Flanders)30Belgium (Ultratop 50 Wallonia)11Brazil (Crowley)12Europe (Eurochart Hot 100)5France (SNEP)18Germany (Media Control GfK)11Ireland (IRMA)20Italy (FIMI)3Netherlands (Dutch Top 40)52Netherlands (Single Top 100)72New Zealand (RIANZ)22Romania (Romanian Top 100)79Sweden (Hitlistan)5Switzerland (Schweizer Hitparade)13UK Singles (OCC)11US Billboard Hot 10010US Adult Top 40 (Billboard)12US Mainstream Rock Tracks (Billboard)39US Mainstream Top 40 (Billboard)3US Modern Rock Tracks (Billboard)8

Онжылдықтар чарттар + Чарты (2000—2009) Позициясы Australian Singles (ARIA)59 US Alternative Songs (Billboard)26 US Rock Songs (Billboard)73

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Ән мәтіні

Санат:2003 жылғы әндер Санат:Evanescence әндері Санат:UK Singles Chart чартында көш бастаған әндер Санат:Италия чартында көш бастаған әндер Санат:Billboard Alternative Airplay чартында көш бастаған әндер Санат:Аустралия чартында көш бастаған әндер Санат:Дебюттік синглдер Санат:«Грэмми» сыйлығының лауреат әндері Санат:Wind-up Records синглдері Санат:Ню-метал стиліндегі әндер Санат:UK Rock & Metal Singles Chart чартында көш бастаған әндер Санат:Эмо-әндер Санат:«Сорвиголова» фильмдер сериясының музыкасы Санат:«Хард-рок стиліндегі үздік орындау үшін» «Грэмми» марапаты