Андрей Афанасьевич Боробов – (1897 – өмір сүрген жылдары белгісіз) – кеңестік педагог, экономист, Қызылорда педагогикалық институтының (қазіргі Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті) тұңғыш директоры.https://ez.chita.ru/encycl/person/?id=946Боробов Андрей Афанасьевич // «Сыр елі» энциклопедиясы. – Алматы: «Тау–Қайнар» ЖШС, 2024. – 227-б.

Өмірбаяны

1897 жылы дүниеге келген. 1930 жылы Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург) Жоғары педагогикалық қаржы-экономикалық институтын аяқтаған. 1933 жылы Жоспарлау-экономика институтының аспирантурасын бітірген. 1917–1919 жылдары Ресейдің Забайкал облысы Нерчинск уезінде мұғалім болып, кооперативтік ұйымдарда қызмет атқарған. 1919 жылы Сретенск жасырын ұйымының құрамына кіріп, партизандық қозғалысқа қатысқан. Шығыс Забайкал майданы әскери-революциялық трибуналының мүшесі және Қиыр Шығыс Республикасы Халықтық-революциялық армиясы саяси бөлімінің бастығы болған. Қиыр Шығыс Республикасының Құрылтай жиналысына (1921) және Халық жиналысына (1922) мүше болған. 1921 жылдың тамыз-қазан айларында Забайкал облыстық басқармасы төрағасының орынбасары, 1921–1922 жылдары облыстық қаржы бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. 1934 жылға дейін кеңестік және партиялық қызметтер атқарған 1934 жылы Астық дайындау жоспарын орындамағаны үшін РКФСР Челябинск облыстық комитетінің шешімімен БК(б)П қатарынан шығарылған. 1934–1937 жылдары Орал педагогикалық институтында (қазіргі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті) аға оқытушы болып жұмыс істеген. 1937 жылы Қызылорда педагогикалық институты алғаш ашылған кезде оның директоры болып тағайындалған.https://korkyt.edu.kz/page/13 1937–1938 оқу жылында институт құрамындағы тарих, филология, жаратылыстану және физика-математика факультеттерінде 27 оқытушы еңбек етіп, 371 студент білім алған. 1938 жылы 29 шілдеде Қазақстан КП(б) Орталық комитеті бюросының шешімімен Орал педагогикалық институтына саяси экономика пәнінің оқытушысы қызметіне ауыстырылған. 1938 жылы 1 қыркүйектен бастап Орал педагогикалық институтында саяси экономия пәнінің доценті қызметін атқарып, әлеуметтік-экономикалық ғылымдар кафедрасын басқарған.

Кейінгі өмір жолы мен қайтыс болған жылы туралы деректер белгісіз.

Дереккөздер

Санат:Экономистер