thumb|right|280px|«Кісі өлтірушілер» (1946) фильмінен кадр thumb|right|280px|«Гильда» (1946) трейлерінен кадр

Нуар немесе Фильм-нуар ( — «қара фильм») — Голливудтың 1940–1950 жылдардағы криминалдық драмаларына қолданылатын кинематографиялық термин. Бұл фильмдерде Екінші дүниежүзілік соғысы кезіндегі және қырғи-қабақ соғыстың алғашқы жылдарындағы америкалық қоғамға тән пессимизм, сенімсіздік, көңіл қалу және цинизм атмосферасы айқын көрініс тапқан.

1940 және 1950 жылдар аралығы әдетте америкалық фильм-нуардың «классикалық кезеңі» болып танылады. Осы дәуірдегі фильм-нуарлар неміс экспрессионистік кинематографиясынан бастау алатын қараңғы әрі контрасты ақ-қара визуалды стильмен сипатталады. Классикалық нуарға тән көптеген іргелі сюжеттер мен дүниетаным Ұлы тоқырау кезінде АҚШ-та қалыптасқан, нуар прозасы ретінде белгілі «қатаң реалистік» қылмыстық әдебиет () мектебінен нәр алады. Бұл жанр әртүрлі сюжеттік желілерді қамтып, көбінесе жұмбақтарды, криминалдық драмаларды, детективтерді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық, ұйымдасқан қылмыс, күнәдан арылу, цинизм және трагедия тақырыптарын арқау етеді.

Жиі кездесетін архетиптік кейіпкерлер қатарына жеке детектив (), форма кимеген полиция қызметкері (), жасы ұлғайған боксшы (), жолы болғыш алаяқ (), қылмыс әлеміне тартылған заңға бағынушы азамат (), фам-фаталь немесе фаталды әйел () немесе жай ғана жағдайдың құрбаны () кіреді.

Француз тілінен тізбелеп аударғанда «қара фильм» немесе мағынасына қарай «күңгірт фильм»See, e.g., Biesen (2005), p. 1; Hirsch (2001), p. 9; Lyons (2001), p. 2; Silver and Ward (1992), p. 1; Schatz (1981), p. 112. Outside the field of film noir scholarship, "dark film" is also offered on occasion; see, e.g., Block, Bruce A., The Visual Story: Seeing the Structure of Film, TV, and New Media (2001), p. 94; Klarer, Mario, An Introduction to Literary Studies (1999), p. 59. дегенді білетін «фильм-нуар» терминін голливудтық фильмдерге қатысты алғаш рет 1946 жылы француз сыншысы Нино Франк қолданған, алайда сол дәуірдегі америкалық киноиндустрия мамандарының көбі бұл ұғымды мойындаған жоқ..Naremore (2008), pp. 4, 15–16, 18, 41; Ballinger and Graydon (2007), pp. 4–5, 22, 255. Франкті 1945 жылы құрылған француздың «Série noire» әдеби баспасы шабыттандырған деп есептеледі.

Кино тарихшылары мен сыншылары бұл санатты өткенге көз жүгірте отырып анықтады. Бұл ұғым 1970 жылдары кеңінен қолданысқа енгенге дейін классикалық фильм-нуарлардың көбі «мелодрама» деп аталды. Фильм-нуардың жеке бір жанр ретінде маңызға ие бола ма, әлде тек кино түсіру стилі ретінде қарастырылуы керек пе деген мәселе кинотанушылар арасында әлі күнге дейін талқыланып келеді.

Фильм-нуар бастапқыда америкалық туындылармен байланысты болғанымен, бұл термин кейіннен әлемнің түкпір-түкпірінен шыққан фильмдерді сипаттау үшін де қолданыла бастады. 1960 жылдардан бастап шыққан көптеген фильмдер классикалық кезеңдегі нуарлармен ортақ белгілерге ие және көбінесе оның шартты белгілеріне өзіндік ирониямен немесе сілтеме жасау арқылы қарайды. Кейінгі туындылар әдетте нео-нуар деп аталады.

Дереккөздер

Санат:Кино жанрлары