Teen Choice Awards — 1999–2019 жылдар аралығында Fox тележелісінде көрсетілген жыл сайынғы марапаттау шоуы. Марапаттар көрермендердің дауыс беру нәтижелеріне негізделгенімен, продюсерлердің жеңімпаздарды өзгертуге құқығы болды. Шоу өткізілген жылдары музыка, кино, спорт, телевизия, сән, әлеуметтік желілер және басқа да салалардағы жылдың ең үлкен жетістіктерін атап өтетін 250-ден астам түрлі номинацияны қамтыды. Дауыстарды Құрама Штаттарда тұратын 13 және одан жоғары жастағы көрермендер әртүрлі әлеуметтік желілер арқылы берді. Жеңімпаздарға жыл сайын өзгеретін «жыл шоуының» логотипімен безендірілген сёрфинг тақтасы сыйға тартылады.
Марапаттау рәсімі 2019 жылғы маусымнан бері белгісіз мерзімге тоқтатылып тұр.
Тағы қараңыз People's Choice Awards
Дереккөздер
Санат:АҚШ киножүлделері