Райымтөбе қорғандары — Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ақжайық мекенінен солтүстік-шығысқа қарай 20 км қашықта орналасқан.
Орналасуы Жайық өзенінен 10 км., қашықта орналасқан. Кординаты: N47°59.233; Е051°47.008. 2016 жылғы 1 маусым - 30 шілде аралығында қазба жұмыстары жүрді.
Райымтөбе - 1 қорғаны Диаметрі -75 метр,биіктігі –1,40 метр. Сыртындағы орының ені – 7 метр, тереңдігі -0,5 м. Беткі қабатын өсімдік жамылғысы басқан. Топырақ жамылғысы негізінен бозғылт құмдақты, сұр құмайтты топырақтан тұрады.Атырау облысының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Атырау қаласы және Махамбет ауданы. ІV том. Атырау, 2013 Оңтүстік батыс тұсынан жер деңгейінен қойдың сүйектері шықты. Бұл құрбандықа шалынған мал сүйегі болған. Оба ортасынан 1 метр тереңдіктен құс, ірі қара малдың омыртқа сүйектері шықты. Жылқының жақсы сақталған бас сүйегі табылды. Топырақ арасынан шіріген ағаш қалдықтары, қыш ыдыс сынықтары, темір мен қола қалдықтары мен майда сүйек қалдықтары ұшырасады. Беткі топырақ арасынан жұқа сүйек қалақша табылды. Бетінде сызып салған ою - өрнегі бар сүйек қалақша. Бет жақсы тегістеліп өңделген. Көлемі: 7 х 3,5 см., қалыңдығы - 2 мм. Райымтөбе -1 обасында жүргізілген археологиялық қазбадан табылған деректер, бұл обаның біздің эрамызға дейін ІІ ғасырларда болғанын айғақтайды.
Райымтөбе - 2 қорғаны Райымтөбе - 2 қорғаны, Райым - 1 обасының батыс жағында 2,5 км қашықта, канал жағасынан 200 м жерде орналасқан. Диаметрі 25 метр, биіктігі 0,5 метр болатын оба. Қазба кезінде қорған ортасынан 1 метр тереңдіктен, қолдары шынтағынан бүктелген, аяқтары тізесінен бүктеліп, бауырына алынған адам қаңқасы табылды. Оның басы шығысқа, беті оңтүстіке қаратылған. Сол жағымен жатыр. Бойы 1,60 м. Жанында заттары жоқ.
Райымтөбе 2 қорғанына жүргізілген археологиялық казбадан табылған деректер, бұл қабір қола дәуіріне жататынын айғақтайды.
Дереккөздер
Санат:Қорғандар Санат:Қазақстан археологиялық ескерткіштері Санат:Атырау облысы тарихы Санат:Қазақстан обалары Санат:Атырау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері