Езнас () — Литвадағы қала. Каунас уезінде орналасқан. 2026 жылғы жағдай бойынша, Езнас қаласының халқы 1 261 адамды құрады. Езнас — Литвадағы 103 қаланың бірі және халық саны бойынша елде 86-шы орында тұр.

Географиялық орналасуы Езнас көлінің жағасында, Пренай қаласынан шығысқа қарай 16 км және Каунастан оңтүстік-шығысқа қарай 37 км қашықтықта орналасқан.

Тарихы Езнас жазба деректерде алғаш рет 1492 жылы Литва Ұлы князінің иелігі ретінде аталады. 1633 жылы бұл елді мекенді Пак әулеті иемденді. Олар шіркеу құрылысына демеушілік жасады, кейінірек, 1768–1772 жылдар аралығында, бұл шіркеу барокко стилінде қайта салынды. 1747 жылы Пак әулеті Езнаста зәулім сарай салдырды. Ол фрескалармен, алтын жалатылған ою-өрнектермен және венециялық айналармен безендірілген еді. 1807 жылы отбасының қарыздарына байланысты сарай қолдан кетіп, 1837 жылы өртеніп жойылды.

XIX ғасырдың екінші жартысында Каунас–Друскининкай жолының салынуымен қала қарқынды түрде кеңейе бастады. 1952 жылдан 1960 жылға дейін ол Езнас ауданының орталығы болды. 1956 жылы 28 желтоқсанда Езнасқа қала мәртебесі берілді.

Экономикасы және инфрақұрылымы Қалада Каунас электр қозғалтқыш зауытының бөлімшесі, тігін өндірісі болды.

Көрікті жерлері 1670 жылы салынған Михаил Архангел мен Иоаанға арналған католик шіркеуі. Езнас кешені: ақсүйек Пактар әулетіне тиесілі болған кешеннің қосалқы ғимараты; 1837 жылы өртенгенімен, қосалқы ғимараьы сақталып қалған. 1770 жылы салынған ескі Езнас зиратындағы Крест шіркеуі.

Галерея

Дереккөздер

Санат:Литва қалалары