Атырау аймағындағы өткелдер мен көпірлер — Аймақтағы Жайық, Сағыз, Ойыл, Жем және ондаған кішігірім өзендерінен, жүздеген керуендер, мыңдаған адамдар мен көлік жануарлары, жүктер бұрынғы кезде де тоқтаусыз өткен. Ұлы Жібек жолының ондаған тармақтары өлкені шырмап өтті. Олармен үздіксіз керуендер, саудагерлер, саяхатшылар, ағылып жатты. Бірақ, жолдармен жүрудің өз қиыншылығы болды, керуен мен қара жолдар өте нашар, сапасыз болды. Жолдар қыста қарға көміліп, көктем мен күзде ми батпақ, жазда шаң, топырақ болып жол азабын тартқызады. Әсіресе өзендер мен жыралардан өту көп қиындық туғызады. Сондықтан сонау ерте кезден, көпір мен өткелдер салуға және оны жөндеуге үлкен күш, шығын жұмсалды.

Бүгінде Атырау облысы аумағындағы республикалық маңызға ие жолдарда 57 көпір бар.

Аймақтағы өткелдер туралы аңыздар мен деректер Жайық өзенінде көпірлер мен өткелдер болған. Жазба деректерден көңіл аударарлык дерек, 922 жылы Аббасидтер халифы Жафар ал-Муктадир биллахтың елшісі Ибн Фадлан Бағдаттан Атил (Еділ) бойындағы бұлғар еліне жіберілгенде Джайх (Жайық) өзенінен өткен. «Бұл біз көрген ең үлкен өзен, оның ағысы тым қатты. Шындығында, мен жүктердің қалай ауғанын және өткелде кісілердің суға ағып кеткенін өз көзіммен көрдім. Жалпы, біз өткелден өтерде көптеген адамдарымыздан, түйелер мен жылқыларымыздан айырылдық. Біз Жайықтан төтенше қиындықпен өттік» - деп жазады.

Сарайшық «қалқымалы» көпірі туралы мәлімет берген араб көпесі әрі жиһангезі Ибн Баттута еді. 1333-1334 жылғы «Саяхатнамасында» былай деп жазды: «Сарайдан шығып, он күннен кейін біз Сарайджук деген қалаға жеттік, джук - кіші деген мағына береді. Ол, Ұлысу деп аталатын үлкен әрі ағынды өзеннің жағасында орналасқан. Онда Бағдаттың көпіріндей қайықтардан жасалған көпір бар…» Сонымен бірге Жайықтың жоғарғы арнасы Индер мекеніндегі Таскөпір, Сағыз өзеніндегі Тас кешу және Жем, Еділ көпірлері туралы деректер жыр-дастандар мен аңыздарда кездеседі. Аңыз бойынша Асан Қайғы бабамыз Жайық өзенінің (Индер тұсы) Тас кешу өткелінен өтерде «Суы татыған бал екен, жағасы сірескен тал екен» - деп, Жерұйықты іздеу сапарын бастаған екен.

Жайық өзенің Индер мекені тұсындағы «Тас кешу» көпірін 1328-1337 сырлы Иван Калита салдырған деген аныз бар. Томарөткел бөгеті — Жайық тасығанда бөгеу үшін томардан жасалған, өткел болған. Сырым Датұлы Ойыл өзенінен 1736 жылы жасағын өткізу үшін бөгет жасайды. Бұл өткел «Сырым бөгеті» деп аталады.

Сағыз өзеніне салынған Таскешу көпірі сақталмаған, өзеннен өту үшін күйдірілген кірпіштен салынған, қирандылары 1970 жылға дейін сақталған. Қазіргі уақытта оның жұрнағы да қалмаған, қыш кірпіштерін мазарлар салуға бұзып алған. А.И.Левшин де Сағыздың Таскешу көпірі туралы: «Узун Там, на левом строке реки Сагиза, через которую всей же месте был построен каменный мост или плотника. Оставшиеся от нее плиты тестного камня еще видны. Говорят, что она была по повелению одного из сновей Чингисхана" деген.

Жем, Еділ, Жайық өзендеріне де тас көпірлер салынғаны туралы Мұрат ақын «Үш қиянда» айтады, бірақ олардың орны әлі белгісіз.

Гурьев көпірлері ХХ ғасырдың басына дейін Гурьевте Жайық сияқты үлкен су артериясы болғанымен бірде-бір көпір болған жоқ. Революцияға дейін қала ғимараттарының басым көпшілігі Самар бетінде орналасқан, сондықтан да әскери-стратегиялық пайымға сүйене отырып, тіпті қарапайым инженерлік құрылысты салу қажеттілігі туындамады. Алғаш рет жағалауда ағаш қадалармен қағылып, негізгі бөлігі балық аулайтын қайықтарда жиналып тұратын көпір болды. Көпірдің бұл түрі — плашкотты көпір немесе қалқыма көпір деп аталды. Пашкоттар якорьмен немесе жағадан арнайы кермемен бекітіліп, олардың үстіне тақтайша төселіп, оның бойымен қозғалыс жүретін. Бұл Гурьевтегі алғашқы көпір 1949 жылға дейін болған.

1948 жылы Мәскеу Гурьевте жаңа көпір салуға қаржы бөлді, сол жылдың күзінде Гурьевке понтондар мен құрылысқа қажетті бөлшектері тиелген 54 вагон келді. Көпір «Қазақстанмұнай» бірлестігі, Петровский атындағы зауыт, балық консерві комбинаты, «Казнефтестрой» және «Казэнергонефть» тресттері, құрылыс-монтаж конторалары, облыстық жол бөлімі, Жайық-Каспий тресінің жөндеу базасы және басқа да бірқатар кәсіпорындар мен ұйымдар ұжымдарының күшімен тұрғызылды.

Атырау қаласының көпірлері Орталық көпір — қаланың қақ ортасында, Жайық өзені арқылы өтетін қаладағы алғашқы темірбетон көпір. 1965 жылы 28 тамызда «Гипрокоммундортранс» институтының жобасы бойынша салынған. Көпірдің ұзындығы 259 метр, биіктігі 10 метр. «Орталық» көпір Сәтбаев даңғылы мен Абай көшесін байланыстырады. Бұл көпірдің символикалық рөлі бар: Жайық өзені бойынша осы ауданда Қазақстан аумағының еуропалық және азиялық бөлімдері арасындағы шекарасы жатқандықтан, көпір Еуропаны Азиямен біріктіреді деп саналады. нобай|оңға|200px|Орталық көпір нобай|оңға|200px|Мұнайшылар қалашығы мен Авангард ықшам ауданын жалғайтын автомобиль және жаяу жүргіншілерге арналған көпірлер Қаланың солтүстік бөлігінде 1985 жылы Ғаббас Берғалиев көшесінің бойымен айналма көпір пайдалануға берілді. Ұзындығы 200, ені 17 метр, ол А-27 Ақтөбе - Астрахан тас жолында қала арқылы өтетін транзиттік автомобиль жолына айналды.

2001 жылы «Тәуелсіздікке 10 жыл» аспалы «жаяу жүргіншілерге арналған» көпір салынды. Ұзындығы 551 метрлік көпір Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көпірі ретінде енгізілген. Көпір жаяу жүру үшін және толық салмағы 12 тоннаға дейінгі арнайы автомобильдердің бір-бірден жүруіне арналған. Өзеннің сол жақ алқабы жеті аралық эстакадамен жабылған, оң жағалауында – екі аралық эстакада, өзен арнасының үстінен – аспалы үш аралық құрылым. Бұл Қазақстандағы жалғыз ванталы жаяу жүргіншілер көпірі. Кешен заманауи материалдар мен технологияларды пайдалана отырып, монолитті темір бетоннан салынды.

2008 жылы қаланың оңтүстік бөлігінде Балықшы және Жұмыскер шағын аудандарын байланыстыратын «Балықшы» көпірі салынды. Ұзындығы 484,4 м, ені 23,9 м.

2008 ж. Балықшы-Перетаска көпірі пайдалануға берілді. Ұзындығы 63,7 м, ені 14 м. Ол Балықшы шағын ауданы мен Мирный және Құрсай шағын аудандарын жалғастырушы рөлін атқарады.

2009 жылы Сұлтан Бейбарыс даңғылын жалғастыратын көпір ашылды. Өткізу қабілеті тәулігіне 5-7 мың автомобильді құрайтын төрт жолақты көпір, ұзындығы 800 м кіреберіс жолдармен, ұзындығы 380,7 м және ені 22 м, жүріс бөлігінің ені 16 м. Екі жағынан жаяу жүргінші жолы 2,5 метр құрайды. Сұлтан Бейбарыс даңғылы бойындағы көпір теміржол вокзалын (сол жағалау) және оң жағалаудағы «Атырау» халықаралық әуежайын байланыстырады.

2009 қаланың Мұнайшылар қалашығы мен Авангард ықшам ауданын (Әуезов даңғылынан Ғұмаров көшесіне) жалғайтын «Мұнайшы» көпірі пайдалануға берілді. 4 жолақты көпірден тәулігіне 5-7 мың автомобиль өтеді. Көпірдің жалпы ұзындығы 693 метр, ұзындығы 483 метр және ені 17 метр. Жүріс бөлігінің ені 14 метр, екі жағында ені 1 метр 2 жаяу жүргіншілер жолы бар.

2010 жылы Мечников пен Баймұханов көшелерін жалғайтын көпір салынды. Ұзындығы 770, ені 23,5 метр. Ол қаламыздың 370 жылдығына орай ашылды.

Атырау облысының көпірлері Махамбет ауданындағы көпір — Жайық өзенінің Махамбет ауданы аумағында орналасқан, Еуропа мен Азияның жалғап тұрған көпір. Оның ұзындығы 860 метр, ені 13 метр, құрылысы 2014-2017 жылдар аралығында жүргізілген. Ол Атырау-Ақтөбе-Астрахань тас жолын жалғап, облыстың транзиттік әлеуетін арттыруға көмектесетін маңызды нысан. Ол арқылы тек Ресейден келетін жүктер ғана емес, Еуропаға және кері бағытта басқа елдердің тауарлары да өтеді. Көпір сонымен қатар өзеннің екі жағында орналасқан, жалпы саны 40 мыңға жуық адам тұратын он ауылдық округтің тұрғындарын байланыстырады. thumb|right|250px| Жайық өзені үстінен салынған Индер кентіндегі көпір Құрманғазы ауданындағы көпір. Қиғаш өзені арқылы өтетін көпір — Ресейдің Астрахан облысы мен Қазақстанның Атырау облысын байланыстырады. Қиғаш өзенінің үстімен, Красный Яр ауылының маңында орналасқан. Көпір өткелінің жалпы ұзындығы 4 644 метрді құрайды, оның ішінде көпірдің өзі 371 метрге тең. Жобаның құны шамамен 362 миллион рубльді құрады, ал қаржыландыруды ресейлік және қазақстандық тараптар тең үлестермен жүзеге асырды. Көпірдің салынуы ауыр жүк көліктерімен тасымалданатын жүк көлемін үш есе арттыруға мүмкіндік береді.

Индер ауданындағы көпір — Индербор кентіне кіре берістегі Жайық өзенінің Еуропа мен Азия бөлігін байланыстырып тұрған ұзындығы 634, ені 13 метрді құрайтын көпір. 2010 жылы пайдалануға берілген.

Қызылқоға ауданындағы көпір — ұзындығы 54 метрді құрайды. Аудан орталығы мен Жангелдин, Жасқайрат, Көздіғара, Тасшағыл, Жамбыл, Қарабау ауылдық округтері және көршілес Индер ауданы арасындағы көлік қатынасын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Құлсары көпірі — Құлсары қаласында «Достық» шағынауданындағы автомобиль көпірі. Жалпы ұзындығы – 238 метр, көпір үстінің ұзындығы – 33 метр, ені – 17,1 метр. Құрылыс жұмыстарын бас мердіргер ретінде «SK Kazalem» ЖШС жүзеге асырды.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан көпірлері Санат:Атырау облысы тарихы Санат:Көпірлер