Степногорск әуежайы — Қазақстан Республикасы, Ақмола облысындағы әуежай. Әуежай Степногорск қаласына қызмет еткен, қазіргі таңда тастанды әуежай. Тарихы 1960 жылдың ортасында Степногорск әуежайы деген атымен құрылған әуежай Степногорск қаласының маңындағы Заводской кентінде орналасты. 1963-1966 жылдар аралығында Степногорск әуежайының рейстер кестесінде Ақсу кенті ретінде белгіленген, осы жылдар аралығында Ақсудан алғаш рет Целиноград қаласына ұшақ ұшты, осы рейс күн сайын 4-5 рет орындалып отырған. Кейін осы әуежайдан Антонов Ан-2 ұшып қона бастады. 1969 жылы әуежай қазіргі орны, яғни Степногорск қаласының оңтүстік батысына өзгертілді. Осы әуежайда рейстер кестесінде Степногорск деп өзгертілді. Әуежайдан ұшатын ұшақтар аптасына 4-5 рет Целиноград қаласына, 2 рет Омбы қаласына ұшып отырды. Рейстер бағасы ақпараттарға сәйкес 70-жылдары 4 сомға, 80-жылдары 6 сом болса, 1988 жылы 12 сомға, ал 90-жылдары 30 сомға дейін қымбаттады. Сондай ақ 70-жылдардың ортасында Степногорск-тен Атбасар әуежайына тұрақты рейстер ашылып, орындаушы ұшақ Антонов Ан-24 ұшағына өзгертілді. 90-жылдардан кейін қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін керосин бағасы күрт қымбаттап, әуежайлар жабылды. Степногорск әуежайы 1996 жылы Kazakhstan Airlines әуекомпаниясының орындауымен соңғы рейсін қабылдап, жұмысын тоқтатты. Қазіргі жағдайы Қазіргі таңда әуежайдың 3 ұшу-қону жолағы топырақ астында қалды. Әуежайдың ұшақ паркінде Антонов Ан-2 ұшақтары жиылып тұр. Перрондары топырақ болғандықтан ұшу қону жолағын спутник картадан қазіргі уақытта көру мүмкін емес. Дереккөздер
Санат:Ақмола облысы әуежайлары