Нұрлан Құбайдоллаұлы Шаймарданов (23.6.1963, Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1993), профессор (1995).
Семей мемлекеттік медицина институтын (1986, қазіргі Семей мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. 1986–1995 жылы осы оқу орнында ординатор, ассистент, ғылыми қызметкер, профессор (1986–1995), Қазақ ұлттық медицина университетінде зертхана меңгерушісі (1995–1997) болды. 1997 жылдан Семей мемлекеттік медицина академиясында зертхана меңгерушісі қызметін атқарады.
Негізгі ғылыми еңбектері иммунология және жұқпалы аурулар мәселелеріне арналған.
Қазақстан Республиксы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (1994).Қазақ ұлттық энциклопедиясы Отбасы Ұлы: Шаймарданов Жандос Нұрланұлы - Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы (2023—2025).
Дереккөздер
Санат:23 маусымда туғандар Санат:1963 жылы туғандар Санат:Семейде туғандар Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар Санат:Дарын мемлекеттік сыйлығының иегерлері